Далаптан жасалған мүсіндер

Далаптан жасалған мүсіндер

Гонконг қаласының тұрғыны, бұрын визаж маманы болған, бүгіндері суретші Мэй Сэм ерін далаптарынан ерекше мүсіндер жасауда. Ол мүсіндерді әдеттегі далап ретінде пайдалануға болады.

Сэм өз туындыларын жасау үшін «Women Power» сериясы шығаратын далаптарды қолданды. Мұнымен қатар кез келген адам арнайы тапсырыс бере алады. Мүсіндердің қалай жасалу керектігін өздері ұсынады. Ол сүйіктісінің, жақын адамдарының суреті болуы мүмкін.


Тапсырыс беруші өзіне ұнаған далаптың маркасы мен түсін өзі таңдайды. Кішкене туындының бағасы қомақты. Ең аз дегенде 600 АҚШ доллары тұрады.

Мэй Сэм өзіне сай мамандықты ұзақ іздеді. Ізденіс жолында суретші қыз алғашында сән журналдарының дизайнын құрастырушы болған, визаж жасаумен айналысып, кейіннен мүсін өнеріне келген.


Мэй жұмыс жасап жүрген журналын жауып тастамағанында мүсін өнеріне келмейтіндігін айтады. Сол жұмысынан шыға салысымен өзге компаниялардан тапсырыс алды.

Мэй Сэм өзінің ең алғашқы мүсіндерін қарындаштан жасаған болатын. Артынша қыздар қауымы қызығатын далаптарға ауысты.


Сэмнің бұл мүсіндерді қандай құралдардың көмегімен жасайтындығы белгісіз. Алайда ол құралдың өте үшкір әрі жіңішке екендігі анық. Сол белгісіз құралдың көмегімен мүсіннің кірпіктерін айнытпай салады. Мүсіндер де күн өткен сайын күрделене түсуде.

Мэй бұл саланың маманы болмаса да, мүсіндерді барын сала отырып жасайды.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: moimir.org

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады