Сәнді етіктер топтамасы

Сәнді етіктер топтамасы

Қазіргі қара суықта бәтеңке мен ботильондарды қойып, етікке көшетін кез келді. Күзгі өтпелі кезеңге арналған жұқа, қалың түксіз етіктерді қыстың аяздарына дейін кие аласыз. Тек сапалы тігілген, барынша жабық, табаны қалың түрлерін таңдаңыз. Әрине етік таңдағанда сәнқой қыздар бірінші кезек аяқ киімнің сапасына емес, сәніне қарайды. Бұл сұрақта да біз сіздерге көмектесе аламыз. Бүгін сән әлемінде қандай етіктердің түрлері трендте екендігін талқылайық.

Қандай ыңғайсыз болса да, қазір дәл осындай биік өкшелі, басы өткір ботфорт етіктері сәнде. Бастысы бұл етіктің қара емес, көңіліңіз қалаған түрлі түстісін алыңыз. Қызыл, жасыл, алқызыл, көк етік көңіліңізді көтеріп, сіздің талғамыңызды көрсетеді. Түсті етіктер жұмсақ теріден тігілгені дұрыс.

Жануарлар тонынан жасалынған бұйымдар қашан да сәнді көрінетін. Қазір бұл тренд аяқ киімдерге көшті. Біз унты сынды қалың, дөрекі етіктерді айтып тұрғанымыз жоқ, түгі жұқа етіктер де өте сәнді, әрі нәзік көріне алады.
"Милитари" әскери стиліндегі етіктер осы жылы да сәнде. Мұндай етіктердің басты ерекшіліктері: қалың табан, бау, күңгірт түстер мен ыңғайлылық.
Күнделікті бейнелерге, күздің суық күндері қарапайым қара етік қажет. Бұндай етіктің өкшесі биік болмағаны дұрыс, күнделікті киілетін етік ең бірінші ыңғайлылықты талап етеді.

Батыл қыздар ерекше дизайнды, пішінді етіктерге назар аударған жөн. Мұндай етік бірден бейнеңізді сәнді қылып, көпшіліктің арасынан ерекшелейді. 

Соңғы кезде гранж, рок-н-ролл стилі киімде көп көрініс табуда. Металл қысқыштары бар киім, сөмке, аяқ киімдер үлкен танымалдыққа ие. Металл қысқыштары бар қара түсті "рокерлік" етіктер ерекшелігіне қарамастан, түрлі стильдегі киіммен жараса береді. Оны джинсы шалбармен, нәзік көйлекпен де кие беруге болады.

Осындай етіктер сіздің күзгі гардеробыңызды түрлендіріп, бейнелеріңізге сән мен жоғары талғам қоссын.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: utro2.ru, ru.aliexpress.com 

С. А