Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сәнді етіктер топтамасы

Сәнді етіктер топтамасы

Сәнді етіктер топтамасы

Қазіргі қара суықта бәтеңке мен ботильондарды қойып, етікке көшетін кез келді. Күзгі өтпелі кезеңге арналған жұқа, қалың түксіз етіктерді қыстың аяздарына дейін кие аласыз. Тек сапалы тігілген, барынша жабық, табаны қалың түрлерін таңдаңыз. Әрине етік таңдағанда сәнқой қыздар бірінші кезек аяқ киімнің сапасына емес, сәніне қарайды. Бұл сұрақта да біз сіздерге көмектесе аламыз. Бүгін сән әлемінде қандай етіктердің түрлері трендте екендігін талқылайық.

Қандай ыңғайсыз болса да, қазір дәл осындай биік өкшелі, басы өткір ботфорт етіктері сәнде. Бастысы бұл етіктің қара емес, көңіліңіз қалаған түрлі түстісін алыңыз. Қызыл, жасыл, алқызыл, көк етік көңіліңізді көтеріп, сіздің талғамыңызды көрсетеді. Түсті етіктер жұмсақ теріден тігілгені дұрыс.

Жануарлар тонынан жасалынған бұйымдар қашан да сәнді көрінетін. Қазір бұл тренд аяқ киімдерге көшті. Біз унты сынды қалың, дөрекі етіктерді айтып тұрғанымыз жоқ, түгі жұқа етіктер де өте сәнді, әрі нәзік көріне алады.
"Милитари" әскери стиліндегі етіктер осы жылы да сәнде. Мұндай етіктердің басты ерекшіліктері: қалың табан, бау, күңгірт түстер мен ыңғайлылық.
Күнделікті бейнелерге, күздің суық күндері қарапайым қара етік қажет. Бұндай етіктің өкшесі биік болмағаны дұрыс, күнделікті киілетін етік ең бірінші ыңғайлылықты талап етеді.

Батыл қыздар ерекше дизайнды, пішінді етіктерге назар аударған жөн. Мұндай етік бірден бейнеңізді сәнді қылып, көпшіліктің арасынан ерекшелейді. 

Соңғы кезде гранж, рок-н-ролл стилі киімде көп көрініс табуда. Металл қысқыштары бар киім, сөмке, аяқ киімдер үлкен танымалдыққа ие. Металл қысқыштары бар қара түсті "рокерлік" етіктер ерекшелігіне қарамастан, түрлі стильдегі киіммен жараса береді. Оны джинсы шалбармен, нәзік көйлекпен де кие беруге болады.

Осындай етіктер сіздің күзгі гардеробыңызды түрлендіріп, бейнелеріңізге сән мен жоғары талғам қоссын.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: utro2.ru, ru.aliexpress.com 

11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 14 қараша 2013, 13:15
Пікірлер
+0
14 қараша 2013, 13:39

Жоғарыдан санағанда 4 суреттегі етіктер ұнайды, бірақ менде жоқ

+0
14 қараша 2013, 14:09

ана керзі сияқты қара етікті алғым кеп жүр шее ;)

+0
14 қараша 2013, 14:10

алғашқы қызыл етік ұнады. Жақында алсам ба деп жүрмін

+0
14 қараша 2013, 14:18

:lol: :lol: :lol: анау қызыл етік енді болмағанда өкшесі бар калготки болайын деп тұр ғой

+0
14 қараша 2013, 14:26

Қазір гранж стиліндегі еттіктер сәнде...

+0
14 қараша 2013, 14:26

гранж, рок-н-ролл кермет екен маған қатты ұнады :) :) :)

+0
14 қараша 2013, 16:01

Соңғысының алдында тұрған динозаврдың арқасындай сұрықсыз ғой, қалай киеді адамдар? :)

+0
14 қараша 2013, 16:07

ЕЕЕ әркімнің талғамы әр түрлі, біреулер үшін ең сүйкімді сі осы шығар

+0
14 қараша 2013, 22:03

"милитари" әскери стилдегі аяқ киімді алдым)

+0
14 қараша 2013, 23:31

кисык аяктарга арналган кандай етиктер барр депти Арайлым :mrgreen: :)

+0
21 қараша 2013, 14:17

Бәрі де сәнді. Негізі осының барлығы адам гардеробында болу керек. Сонда не кием деп қиналмайсын. Дәл қазір 4- шісі қажет болып тұр.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.