Жылан терісінен жасалған сөмкелер

Жылан терісінен жасалған сөмкелер

Жылан терісінен жасалған сөмкелер - әдемі әрі таңдаулы аксессуарлар. Жыланның терісі экзотикалықтарының ішінен бірден көзге түсіп, міндетті түрде есте қалады. Мұндай сөмкелердің алуан түрлерін кездестіруге болады.

Жылан терісімен қапталған сөмкелер ұстағанда қолға жұмсақ. Қайталанбас дизайнының арқасында иесіне сенімділік сыйлайды. Мұндайды таңдаған арулардың талғамы оң көзқараспен бағаланады. Иілгіш қабыршықтарының арқасында сөмке табиғи болып көрінеді.

Атақты брендтер тек жоғары сапалы бұйымдарды шығарады. Өнімді шығарушылар аруларға кербездік сыйлайтындығына толықтай кепілдік береді. Брендтік аксессуарлар қолдан жасалады. Оны жасаушы шебер майда істерге төзімді әрі жинақы келеді. Сөмкелердің қолдан жасалуының арқасында екінші адамның қолында кездеспейді. Ал шеберлер сөмкені жасауды өздерінен кейінгі шәкірттеріне де үйретеді. Шебер қолдардан шыққан сөмке қонақта болсын, кеңседе болсын көпшіліктің назарын өзіне аударады.


Мұнымен қатар атақты дизайнер сөмкенің соңғы үлгідегі болуын қамтамасыз етеді. Питон терісінен тігілген сөмке өзіне сенімді, ешкімге ұқсағысы келмейтін аруларға арналған.


Оның классикалық түрін нәзік әрі іскер қыздар таңдайды. Бұл секілді аксессуарлар бойға еркіндік сезімін сыйлайды дейді психологтар.

Ал ерекше стильде жасалған түрін өзгеріс пен көпшіліктің өзіне ауған назарынан қорықпайтын арулар таңдайды. Арасында көлемі үлкендері мен тек ерінге жағатын далап пен айна ғана сиятындай түрлері бар.


Жыланның табиғи терісінен жасалған сөмкелерді кез келген киімдермен үйлестіруге болады. Оның жасанды жолмен боялған түрлерінің арқасында киіміңізге сәйкесін таңдауға мүмкіндік бар. Сөмкенің сырты сапалы бояумен көмерілген. Осы себептен ұзақ жылдар бойы өз түсін сақтап қалады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: x-leather.ru

Қ. Бүйенбай