Атыраудың ең сұлу қызы кім?

Атыраудың ең сұлу қызы кім?

Биыл "Атырау Аруы" 16 жастағы Назерке Файзуллина атанды.

Жас ару Атыраудағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Сұлулық сайыстарында 10 жастан бері қатысып жүрген Назерке қаласының намысын 5 желтоқсан күні Алматыда өтетін "Қазақстан Аруы-2013" сайысында қорғайды. Осы сайыста "Батыс Қазақстан Аруы-2013" жүлдесі Адиля Туржанова есімді сұлуға бұйырды. Екі ару сыйлық ретінде құны 100 мың теңге болатын салтанатты көйлектерді алды.

"Атырау Аруы-2013"  Назерке Файзуллина

"I вице-мисс Атырау-2013"  Калима Шопенова, "II вице-мисс" Айжамал Ережеп, "III-вице-мисс" Лаура Кумарова атанды. "Мисс Бикини Атырау" атағын бірден екі сұлу Назерке Файзуллина мен Калима Шопенова иеленді.

 "Батыс Қазақстан Аруы-2013"  Адиля Туржанова 

"Сұлулық сайыстарындағы басты талаптардың бірі – қайырымдылық. Сайыс бойы қайырымдылыққа жиналған ақша мұқтаж жандарға беріледі", – деді байқау ұйымдастырушыларының бірі Алмаз Качиев. Әділ қазылар арасында "ДиАл" модельдік агенттіктің директоры Диана Качиева, "Атырау Аруы-2012" Асылай Амитова мен "Мистер Фотомодель Атырау-2012" Қайрат Ордабаев болды. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер сайыстың vk.com сайтындағы парақшасынан алынды

С. А