"Сүлеймен Сұлтан" сериалындағы сәнді көйлектер

Түрік сериалдарының арасында "Сүлеймен Сұлтан" ("Тамаша ғасыр") cериалы үлкен танымалдыққа ие. Тарихи танымал кейіпкерлердің жеке өмірі, қажыры мен батыл шешімдері, бір шаңырақтың астындағы ұрыс-керістерімен қызық болған бұл сериалдың тағы да бір сөзсіз қызықтыратын жері бар. Бұл – сериалдағы сол замандағы ауқатты адамдарға сай әдемі көйлектер мен шаш сәндері, салтанатты әшекей бұйымдар. Біз сериалдағы ханшайымдардың көйлектерін тағы да бір рет еске түсірейік.

Сериал бізді сонау 16 ғасырға ертіп апарады. Бұл кезде адамның киімінің түсіне, ондағы ою пішініне, өрнектер үйлесіміне үлкен маңыз беретін. Көйлектің түсі, оны әшекейлеген суреттер мен оюлар оның иегері жайлы көп нәрсе айта алатын. Сол кездегі ханшайымдардың керемет сұлу көйлектерінде артық ештеңе болмаған, барлық ұсақ-түйектер оны киген арудың қоғамдағы орны мен мінезін білдіретін.

Сериалдағы басты ару Хюррем бір серияда бірнеше сәнді көйлек ауыстырып үлгеретін. Оның көйлектері сәнді, нәзік, әрі батыл болатын.

 

Хюрремнің күндізгі қарапайым көйлегі

Жалпы сериалда жасыл түсті көйлектер жиі көрінеді. Осман империясының түріктері жасыл түсті қасиетті деп еспетеп, оны жиі киюге тырысатын, жасыл түсті көйлектер сериалдағы сәнді арулардың үстінен мереке күндері де байқалатын. 

Хюррем алтын жіппен әшекейленген атақты жасыл түсті көйлегін маңызды күндері киетін. Жүктілік кезінде, ұлдарының есімдері қойылған күндері де ол осы түсті таңдаған.

Ұрыс кезінде сәттілік шақыру үшін Сүлеймен Сұлтанның өзі жасыл түсті сауыт киген.

Қызыл түс те сериалда жиі байқалады. Қызыл түс байлықтың, сәттіліктің, махабаттың нышаны. 

Қызыл түсті киімдерді сериал кейіпкерлері салтанатты кештерге арнап киетін. Сүлеймен, Хюррем мен Валиде қызыл түспен бірнеше рет көрінген. Сериалда қызыл түстің жиі көрінуі тарихи жағдайларға да байланысты. Бірнеше ғасыр бойы Осман империясының туының түсі қызыл болған екен. 

Хюррем, Махидевран, Фирузе ханшайымдар қызыл көйлекте

Қызыл түстің беделі өте жоғары болатын. Мұны Хатидже мен Ибрагимнің үйлену тойынан аңғаруға болады. Ханшайым той көйлегі ретінде қызыл түсті салтанатты көйлек таңдапты.

Сериалда басқа түсті де көйлектер жеткілікті болды. Күлгін, сары, қоңыр түсті көйлектерді түрлі ою-өрнектер сәндеп тұр. 

Әрине сериалдағы көйлектер тарихи шындыққа қарағанда қазіргі сән мен талғамға сай тігілген. Сериал күнде ауысатын көйлектерімен көрермендерге қызықты болды.

Сериалда Осман Империясының ханшайымдары ғана емес, сонымен қатар басқа елдің сұлу арулары да байқалды. Олардың киім үлгілері туған жеріне байланысты ерекшеленді. Мысалға Испаниядан келген Изабелла ханшайым еуропалық стильдегі көйлектермен көрінді. Оның киімдерінде шілтер, мантилья, ерекше бас киімдер басым.

Айбиге ханшайым сериалдағы ең қарапайым киінген ханшайым болды. Ол салтанатты киімдер мен ерекше кешкі көйлектерге қарағанда ыңғайлы, қарапайым көйлектер киіп жүрді. Көшпенділер халқының тұқымы Айбиге атқа отырудан да жасқанбайтын, сол себепті шалбар мен қарапайым жейде де кие беретін.

Дае-хатун мен Нигер-калфа сынды ханшайым қызметкерлерінің көйлектерін де атап өту керек. Олардың түстері ұстамды, әшекей оюлары азырақ. Алайда мұқият қарасаңыз, бұл көйлектер де қымбат маталардан тігіліп, сарай қызметкерлеріне сай болды.

Ал сізге "Сүлеймен Сұлтан" сериалындағы қай кейіпкердің көйлектері ұнайды?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: trendy-brandy.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті