Динара Жақажбаева – "Астана аруы"

Динара Жақажбаева – "Астана аруы"

Кеше Елордада «Астана аруы-2013» байқауының соңғы кезеңі мәресіне жетіп, тәжді Динара Жақажбаева жеңіп алды. Ол тәжбен қоса, байқаудың ұйымдастырушылары сыйлаған Парижде өтетін "Мекке" атты әлемдік сән көрсетіліміне де жолдама алды.

Сұлулық байқауының ақтық кезеңінде барлығы 15 ару бақ сынасты. Түрлi киiмнiң сән үлгiсiн көрсетiп, сұлулықтың сынына түскен бойжеткендердің қатары кезең сайын сирей бердi. Нәтижесiнде, бас жүлде Динара Жақажбаеваға бұйырса, бiрiншi орынды Руслана Терешеня, екiншi орынды Әйгерім Саматова жеңіп алды.

Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша осы жылы тәмамдаған Динара Жақажбаеваның жасы 22-де екен. Енді ару байқаудың вице-аруы атанған Руслана Терешенямен бірге Астананың намысын "Қазақстан аруы-2013" бәсекесінде қорғайтын болады.

«Менi қолдап, маған сенiм артқан жандарға үлкен алғыс бiлдiремiн. Байқауға қатысқан әрбiр ару өзiнше ерекше болды. Бұл шара бақталастық пен бәсекелестiктiң жарысы емес, достық пен ауызбiршiлiктiң байқауы. Ал Парижге анаммен бiрге барамын», - дедi байқау жеңiмпазы.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында «Әлем аруы-2012» сұлулар сынына қатысқан Евгения Клишина мен қазақстандық гимнасшы Анна Алябьева болды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: allinfo.kz

Ө. Сансызбай