Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Күз-2013: Сәнді жұқа күртеше

Күз-2013: Сәнді жұқа күртеше

Күз-2013: Сәнді жұқа күртеше

Күздің алғашқы суық кездерінде қалың күртелер кие алмайсың, бірақ жемпірмен жүріп тоңатын кез жетті. Бұндай ауыспалы ауа райы орын алған уақытта өзіңізге сәнді жеңіл күртеше алып қойыңыз. Әрине ол әдемі, соңғы сәнге сай болуы керек.

Бомбер – осымен біз бірнеше рет атаған күртеше түрі. Ол осы маусымда ең сәнді тренд екендігін есепке алсақ, әлі де айтылуы әбден мүмкін. Жазда түрлі-түсті түрлері танымалдыққа ие болса, қазір қара-көк, сұр, жасыл сынды күңгірт түсті күртешелер тренд болады.

Былғары күртеше – күз, көктем өтпелі кезеңдерінде әмбебап сыртқы киім. Сәнқой қыздар мұндай күртешені баяғыда трендке айналдырып алған. Оны нәзік көйлекпен, джинсы шалбарымен, ресми стильдегі шалбармен де киюге болады. Нағыз былғарыдан тігілген күртеше суық күндері жылытып, ауа райы ысыған кездері терлетпейді.

Қалың блейзер не пиджак сынды күртеше ресми стиль таңдайтын қыздар үшін таптырмас шешім. Қоңыр түстер күз көріністерімен жақсы жарасым табады.

Әскери стильдегі күртеше күнделікті бейнелермен жақсы жарасады. "Милитари" күртешенің хаки түсі күзде өте өзекті болады.

Сырма күртелері бір уақытта жеңіл, жылы, жайлы болады. Күзде күнделікті киюге ең жақсы нұсқа.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 қазан 2013, 19:15
Пікірлер
+0
10 қазан 2013, 07:51

соңғы суреттегі күртешелер 2-3 жылдан бері ұнап жүр, маған жараспайтын сияқты, бірақ

+0
10 қазан 2013, 09:55

мен былтыр сондайын алғанмын, рахат бәріне жараса береді

+0
10 қазан 2013, 08:20

Сырма күрте іздеп жүрмін, бір түрлі ұнап қалды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.