Маған қандай белдемше жарасады?

Маған қандай белдемше жарасады?

Сән мен трендтерге еліктеп, біз өзіміздің талғамымыз бен дене пішініміздің ерекшеліктері жайлы ұмытып, кейде сымбатты сәнмен алмастырамыз. Алайда қандай сәнді киім болса да, ол дене пішініне үйлеспеген жағдайда орынсыз көрінеді. Бүгін дәл сіздің дене бітіміңізге келетін белдемше таңдайық.

Күз – кеңселердегі жаңа жұмыс кезеңі мен студенттердің жаңа оқу жылы басталатын кез. Осы кезде арулар сәнденіп, гардеробын жаңартады. Егер сізге керегі күздік жылы белдемше болса, дене пішініне мінсіз жарасатын бір түрін тауып, оны артынан түрлі киіммен үйлестіріп кие аласыз.

Біздің топтамада 9 түрлі дене пішіндерінің түрлері келтірілген. Өзіңізге ең ұқсайтын түрін тауып, соған ұсынылған белдемше пішініне назар аударыңыз. 

Үлкен бөкселер

Қаусырмалы белдемше жалпы қыздардың көбісіне жарасады. Алайда бөкселері үлкен, толықтау қызға бұндай белдемше мінсіз жарасады. Әсіресе ұзындығы тізеден келетін, тік, бөкселерде бос түрлері кемшіліктеріңізді жасыра алады.

 

"Алма" дене пішіні

Артық салмағы іште жиналатын қыздарға етегі тізеде жайылатын белдемшелер жарасады. Іштен басталып кеңейетін немесе белі төмендетілген белдемшелер сізге жараспайтындығын есте сақтаңыз.

"Балерина" дене пішіні

Нәзік пішінді, жұқа белді қыздарға денесіне көлем беріп, оны анық көрсете алатын белдемшелер қажет. Күз үшін деним, қалың жібек, жаккард сынды маталардан тігілген, астында қосымша көлем беретін белдемшесі бар қоңырау пішінді белдемшелер таңдаңыз.  

Бұрышты дене пішіні

Биік бойлы, денесі бұыршты болып көрінетін қыздарға тізеден төмен келетін ұзын, тік белдемшелер жарасады. Бөксені дөңгелетіп көрсету үшін, кішкентай белдік киісеңіз болады. Айта кетсек бұндай белдемше түрі бойлары аласа және толықтау қыздарға жараспайды.

"Сәбіз" дене пішіні

Аяқтары арық, денесі сәбіздің пішініне ұқсайтын аруларға жабысып тұратын футляр-белдемшелер жарасады. Ұзындығы орташа түрлері сіз үшін мінсіз. Бөксеңіз көрінбей қалды десеңіз, үлкен сурет не ассиметриялық пішін көмектесе алады.

"Құм сағаты"

Денесі құм сағатына ұқсайтын қыздар тік, жабысып тұратын қарындаш белдемшелерге назарын салу керек. Белдемшедегі ерекше сурет, тор мен жолақтар сурет аяқтарыңызға назар аудартады.

Кішкентай қыз

Дене пішіні кішкентай қыздың денесіндей қыздарға өздері сияқты кішкентай белдемшелер кию керек. Белдемшенің белі жоғарырақ болып, етегі тізеден жоғары, яғни қысқа болғаны дұрыс.

Қысқа аяқтар

Аяқтары қысқа, бойлары аласа қыздарға белі жоғары орналасатын, қысқа белдемшелер жақсы жарасады. Пішіні бойынша етегі кеңірек, трапеция пішінді белдемшемелері дұрыс болса, тігінен орналасқан сурет немесе плиссировка бойыңызды ұзартып көрсете алады.

"Алмұрт" дене пішіні

Бөкселері үлкен қыздардың көбісі көлемді белдемшелерден бас тартады. Алайда көлемді, бірақ ұзындығы тізеден келетін белдемше түрі сіздер үшін ең дұрысы.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: thefashionpolice.net, wmj.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тарихы: Ұлы адамдар достығы
Қазақ тарихы: Ұлы адамдар достығы
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды