"Әлем аруы-2013" атанған кім?

"Әлем аруы-2013" атанған кім?

Жақында индонезиялық Бали аралында өткен "Әлем аруы-2013" халықаралық байқауының жеңімпазы филиппиндық Меган Янг болды. 

Сұлулығы бойынша екінші орында франциялық 20 жасар Марин Лорфелин, үшінші орында Гана елінен келген 23 жасар Каранзар Шутер тұр. Жеңімпаз елдердің ондығына Ямайка, Испания, Индонезия, Англия, Непал, Австралия мен Бразилия кірді. Ал көрермендер сыйлығы Гибралтар елінен келген аруға бұйырды. 

8 қыркүйек күні басталған әлемдік доданың финалы 26 қыркүйекте тікелей эфирмен әлем бойынша 180 елде көрсетілді. Оған дейін байқау кезіндегі бес сайыс өткізіліп, оның жеңімпаздары аталған еді. "Топ-модель", "Спорт", "Жағажайлық сән", "Мультемедиа" мен "Мақсаты бар сұлулық" сайыстарында "Қазақстан аруы" Айнұр Төлеуова жеңіске жете алмаған еді. Осылайша ол сайыстың финалына өте алмады.

Ал жеңімпаз 23 жасар филиппиндық Меган Янг бірден 3 сайыс нәтижесі бойынша финалға кірген еді. Ол "Топ модель", "Жағажайлық сән" мен "Мультемедиа" жарыстарында өзін жақсы көрсете алды.

Айта кетсек, осыған дейін Айнұр Төлеуованың суреті "Әлем аруы-2013" сайысының facebook желісіндегі парақшасының басты суретіне қойылған еді. Бұл жанкүйерлер арасында шу шығарып, байқау нәтижесі белгілі болып, Айнұр жеңімпаз атанды деген сыбыс пайда болды. Алайда ұйымдастырушылар Айнұрдың суретін альбом бетіне қойғысы келіп, қателесіп кеткендерін айтты.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: missworld.com сайтынан және сайыстың facebook-тағы парақшасынан

С. А