Күз-2013: сәнді аяқ киім

Күз-2013: сәнді аяқ киім

Күз-2013 маусымының сәнді аяқ киімдер топтамасымен таныс болыңыздар.

Түс пен текстура

Жарқын түстер күздің жаңбырлы күндері көңіліңізді көтере алады. Осы маусымда қанық көк, күңгірт жасыл, қараның түрлі реңктері, қызғылт қара түстер сәнде болады. Дәстүрлі қара, сұр және қоңыр түстер де трендте. Текстураны айтатын болсақ, күзде түрлі ұсақ әшекейлері бар туфлилер (шашақ, металл ілгектер, түрлі принттер (мысалы жылан терісі) ерекше көрінеді.

Ерекше өкше

Ерекше түсті не пішінді өкшесі бар аяқ киім бірден көзге ілініп, сізді батыл сәнқой қыз ретінде көрсетеді. Айта кетсек, мұндай өкшелердің барлығы бірдей ыңғайлы емес. Сондықтан күнделікті киетін аяқ киім ретінде дәстүрлі өкшелі туфли алған дұрыс.

Әшекейленген

Ерекше, тіпті салтанатты әшекейленген аяқ киім түрлері жақында дүкен сөрелерінде көптеп пайда болады. Мұндай тренд кешкі бейне үшін таптырмас бұйым бола алады. Гүл не басқа да ою-өрнектер бейнеңізге сән-салтанат қосады.

Батыл ұсақ-түйектер

Металл моншақтар, ілмектер мен түйреуіштер соңғы кезде жоғары сән апталықтарында жиілеген дизайнерлік тренд. Рок-н-ролл стиліндегі бұл ұсақ-түйектер қарапайым киімге ерекше батылдық береді.

Баулар

Бау туфли, бәтеңке мен ботильондарға өзіндік мәнердегі әсемділік береді. Мұндай аяқ киімді күнделікті кисеңіз де, ерекше отырыстарға киіп барсаңыз да болады.

Биік өкшелі лофер аяқ киімі

Лофер – күзде күнделікті киюге жарайтын аяқ киім түрі. Ол үйреншікті туфлилерге қарағанда алды жабықтау болады, демек күздің суық күндеріне де жарайды. Ал өкше аяқ киімге қайталанбас әсемдік береді. Мұндай аяқ киімдер өте ыңғайлы болатындығын да атап кету керек.

Туфли+шұлық

Біз үшін үйреншікті емес мұндай қосынды нәтижесінде сәнді, ыңғайлы жаңа трендті береді. Әрине шұлықтың үстіне туфли кисеңіз, барлық бейнеңізді, киім бұйымдарын соңына дейін ойластырған дұрыс.



Металл

Жарқырап тұрған жылтыр аяқ киім отырыстар мен кешкі кездесулер үшін мінсіз шешім. Оның сәнде екенін есепке алсақ, отырыстарға "Не киемін?" сұрағының шешімін тапқан сияқтымыз. Осындай аяқ киіммен киген қарапайым джинсы шалбары да сізді сәнді көрсетеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fashionindustry.com.ua, fashionisers.com

С. А