Джоли мен Энистонның той көйлектері

Джоли мен Энистонның той көйлектері

Екі танымал жұлдыз Анджелина Джолли мен Дженнифер Энистон қалыңдық атануға дайындалып жүр. Олардың тойларын асыға күтіп жүрген табынушылары екі тойдың да биыл болуын қалайды. Ал танымал дизайнерлер екі аруға жарасатындай той көйлектерінің үлгілерін ұсынып отыр. Біз де Джоли мен Энистон қандай той көйлектерін кие алатындығын көрейік.

Арнайы Brides.com той порталына арнап Reem Acra, Theia, Watters және басқа да сән үйлерінің дизайнерлері Джоли мен Энистонға той көйлектерінің үлгілерін жасап, екі ару тойларында қандай көйлек киіп шығатындығына болжам жасады.

Ливандық дизайнер Рим Акра Анджелинаға сарылау реңкі бар ақшыл түсті, иығы түсірілген, тар келіп етегінде ғана кең болатын көйлекке киіндірді. Ал Дженниферге ол маржанмен әшекейленген алды ашық, фатаның орнына ақ орамал болатын бейнені ұсынды.

Reem Acra ұсынған бейнелер

Theia сән үйінің креативті директоры Дон О'Нил Анджелинаны ұзын жеңді, етегі желбіршектенген, фатасы ұзын көйлекте көреді екен. Ал Дженге жеңі жоқ, кеудесі жабық, бірақ арқасы ашықтау, годе белдемшелі көйлек кигізер еді.
Theia ұсынған бейнелер

Watters командасы Джоли мен Бред Питт тыныш, тек жақын достар мен туыстарға арналған той ұйымдастырады деп ойлап отыр. Сол себепті Анджелинаға қарапайым, сәнді, дәстүрлі 3/4 жеңі бар той көйлегін ұсынса, Дженниферге жеңіл, алды V белгісі сынды ашылған көйлек салып берді.

Watters ұсынған бейнелер
Hayley Paige ұсынған бейнелер

Alfred Angelo ұсынған бейнелер

Ал сізге қай нұсқасы ұнайды?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: Brides.com

С. А