Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / "Азия Аруының" арманы

"Азия Аруының" арманы

Айгерім Даулетбекова таяуда ғана өкен "International Beauty and Model Festival 2013" халықаралық байқауында "Азия Аруы" атағын жеңіп алды.

Басына тәж киген ханшайым тележурналист атанып, қазақ тілінде бағдарламалар жүргізгісі келетіндігін айтты. "International Beauty and Model Festival 2013" байқауына әлемнің 18 елінің арулары бақ сынасты. Қазақстандық Айгерім Даулетбекова барлық кезеңдерде жақсы көрсеткішке жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.

Айгерімнің киген ұлттық және заманауи киімдері әділқазыларды тамсандыра алды. Бір сөзбен айтқанда, біздің бойжеткеніміз "Азия Аруы" атағына әбден лайық екенін дәлелдеді.

Абыроймен оралған А. Даулетбекова бірден беделді мейрамханалардың бірімен келісімшартқа отырды. Аса дарында әрі өте қарапайым қыз Халықаралық Бизнес Университетінде оқиды және модель болып жұмыс істейді. Айгерім 4 жылдан бері "Әлем Аруы" жобасына қатысуды армандап келеді. Бүгінде оның осы арманға жетуіне барлық мүмкіндіктер ашылып отыр.

Айгерім Даулетбекова бір сөзінде: "Сәттіліктерім мені жұлдыз ауруына ұшырата қойған жоқ. Мен оқуымды жалғастырамын және сән көрсетілімдерінде жұмыс жасай беремін. Өткен байқауларды ыстық ықыласпен еске алып отырмын. Өзімнің қолдаушыларым мен дизайнерлерім Аида Қауменова мен Балнұр Асановаға алғыс білдіремін. Олар мен үшін өте керемет көйлек тігіп берді. Жеңіс – біздің ортақ жетістігіміз. Болашаққа көз жүгіртуге әлі ерте, бірақ, мені талай байқаулардың күтіп тұрғанын ішім сезеді"- деген екен.

Сурет: season.kz, Айгерім Даулетбекованың vk.com-дағы жеке парақшасынан
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
3018 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2013, 17:18
Пікірлер
+0
05 қыркүйек 2013, 19:51

Қазақтың қызыма? :?:

+0
05 қыркүйек 2013, 22:58

Ия, қарапайым отбасынан шыққан қазақ қызы

+0
05 қыркүйек 2013, 22:59

ел арна арнасынан сұхбатын көргем, өте қарапайым, ақкөңіл қыз екен

+0
06 қыркүйек 2013, 09:11

Қарапайымдылық әркімге де жарасады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...