Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

Сіз қандай ән тыңдайсыз?
Сіз қандай ән тыңдайсыз?

Автор: Жандарбек Жұмағұлов

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Күз-2013: сәнді әшекей бұйымдар

Күз-2013: сәнді әшекей бұйымдар

Күз-2013: сәнді әшекей бұйымдар

Жаздың ыстық күндері әлі де басылар емес, алайда жұмысқа, оқуға шығуға байланысты жазғы жұқа, түрлі-түсті көйлектерді кеңселік ресми киімге ауыстыруға тура келеді. Бейнеңізге ерекше сән қосу үшін әшекей бұйымдар қолданыңыз. Әшекей бұйымдардың сәнді трендтер мен күзгі киіммен үйлесімді түрлерімен таныс болыңыздар. 

1. Шынжыр 

Шынжырлы үлкен білезіктер мен сақиналар кеңселік ресми стильдегі киіммен де, кешке киетін түзу сәнді көйлектермен де бірдей жақсы жарасады. Бір қарағанда шыншырлы әшекей бұйымдар үлкен әрі тым батыл көрінеді, бірақ киіммен дұрыс үйлестіре білсеңіз, көпшіліктің арасынан ерекшеленетін боласыз. Қымбат алтын не күміс білезік іздемей-ақ, бижутерия дүкендерін аралап көріңіз. Шынжырына тастар, әріптер, басқа да әшекейлер ілінген түрлерін таба аласыз. Ал шынжырлы сақина тіпті осы маусымда ең сәнді тренд болады.

2. Түрлі-түсті тас 

Түрлі-түсті тастармен көмкерілген әшекей бұйымдар бірден көзге түсіп, сізге ерекше сәнді келбет береді. Бижутерия дүкендерінен осындай сырғалар мен білезіктер, алқалардың арзан түрлерін таба аласыз. Ал асыл тастарға құмар арулар түрлі-түсті сапфир, изумруд, бирюза және басқа да түрлі тастармен әшекейленген бұйымдарды таға алады.

3. Хайуанаттар тақырыбы 

Жануарлар келбетінде жасалынған әшекей бұйымдарды тек батыл қыздар кие алады. Әшекейдегі жануар сіздің мінезіңізді сипаттай алатындығын ұмытпаңыз. Бұндай әшекейлер сізді шығармашыл, ерекше, дара тұлға етіп көрсетеді.

4. Үлкен ассиметрия 

Ерекше пішінді үлкен әшекей бұйымдар кешкі бейнеге де, күнделікті қарапайым киімге де сән қоса алады. Дұрыс үйлестіре алсаңыз, ұзын салтанатты көйлектер мен джинсы шалбарымен бірдей киетін әшекей бұйымдарыңыз пайда болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: collegefashion.ne

17458 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 қыркүйек 2013, 20:49
Пікірлер
+0
03 қыркүйек 2013, 20:59

:o уаааау,маған шынжырлы сақина, түрлі-түсті тастармен безендірілген білезіктер қаттыыыыы ұнап тұр. степендия түсе салысымен алу қажет :!:

+0
03 қыркүйек 2013, 22:10

бәрі де әдемі екен!"! :)

+0
04 қыркүйек 2013, 08:29

шынжырларды аяқтарыңа тағып алыңдар)

+0
04 қыркүйек 2013, 11:06

түрлі түсті әшекейлер ұнап отыр, бүгін қарап көру керек

+0
04 қыркүйек 2013, 12:18

Бижутерияны үйлестіре тағатындарға қызығамын :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...