2013-тің күзі: 10 басты киім

2013-тің күзі: 10 басты киім

Күздің келгені алғашқы ызғарлы күндерден байқала бастады. Демек, гардеробты жаңартатын сәт келді. Осы күзде не сәнді, қолайлысы қайсы? Сәнді қыздар бұл мақаланы мүлт жібермеуі тиіс. Сонымен, 2013-тің күзі мынадай ережелерді ұстануға шақырады. 

Қызғылт сайран

Гардеробтың елеулі бір киімін қызғылт түстен алыңыз. Мысалы, кең пальто, шалбар немесе блейзер. Осылайша күздік депрессиядан аулақ жүресіз.

Oversize үлгісі

Кең жемпірлер, пуловерлер мен свитшоттар - жаңа мезгілдің басты бұйымы. Алайда, киімді далақтай етіп кимегеніңіз де дұрыс. Сонымен қатар бұл киімдерді қарандаш-белдемшемен немесе пішініңізге сай шалбармен кигеніңіз абзал.

Сыйымды сөмке


Жаңа маусым - жаңа аксессуарлар сатып алуға итермелейді. Осы күзде теріден жасалған, тұтқасы кішкентай, бірақ өзі сыйымды, үлкен сөмкелер сәнде. 

Сәулетті жарқыл


Осы күздің үш сәнді трендін үйлестірген сәнді бөлшек - жарқыраған матадан тігілген тізеден төмен келетін қызғылт белдемше. Салтанатты отырыстарға үздік таңдау. 

Тері


Теріден жасалған бұйымдар өзектілігін жоғалтқан емес. Осы күзде қою шарап түсті және қою сарғыш түсті көйлектерге назар аударуға кеңес береміз. 

Жануарлы принт

«Жыртқыш» принт – жаңа маусым трендтерінің бірі. Burberry-дің осы бір сәнді бәтеңкесіне қарап, келіспеске болмас. 

Қысқы бақ

Жаңа маусымда киімде жаңа принттер "гүлдейді", яғни қою, қанық түсті гүлді композициялар. 

Камуфляж

2013 жыл күзінің жаңа, сәнді әрі оригиналды үлгісімен тәжірибе жасаңыз.

Ерлер пішімі


Костюм-шалбарлар сәнді туфли және ықшамды клатчпен үйлескенде тартымды әрі сәнді көрінеді. Бұған өзіңіз көз жеткізіңіз.

Қаз табан


Танымал екі түсті өрнек қайта сәнге енуде! Осы стильдегі күздік пальто, көйлек не костюмдерді гардеробыңызға батыл қоссаңыз болады.

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?