Маман кеңесі: Далаптың түсін таңдау

Маман кеңесі: Далаптың түсін таңдау

Жалтырауық далаптарды шетке ысырып, түрлі-түсті далаптар қайтадан сәнге айналды. Оның косметика заттарын салатын сөмкеңізден орын алатын кезі де келді. Біздің материалымызда сізге лайық мамандар кеңесі.

Әйел адамдар түрлі-түсті далаптардың ішінен өзіне лайығын таңдаудан қиналады. Сол себепті таңдауларын ұзаққа дейін өзгертпей жүре береді. Алайда барлығы айтарлықтай қиын емес. Бар болғаны кішкене құпияларды білсеңіз болғаны.

Далаптың түсін білегіңізге жағып таңдау үшін қиялыңыз ұшқыр болып, сырт көзге қалай көрінетінін елестете білуіңіз керек. Мұндайда мамандардан кеңес сұрағаныңыз дұрыс. Қазір косметика дүкендерінде өз таныстырушылары бар. 

Әдеттегідей дүкен шамдары күңгірт түсті сәуле шығарады. Мұндайда алқызыл түсті далаптарды абайлап таңдаңыз. Егер дүкеннің іші сары немесе жылы түстермен әрленген болса, қызыл түстерге мұқият болыңыз. Кез келген далап электр жарығы қосылып тұрған жерде күңгірт түсті болып көрінеді.  

Далаптардың ішінен ең танымалы – қызыл реңтілері. Shiseido маркасының арт-директоры, әйгілі визажист маман Дик Пейдж және өзге де суретшілер қызыл далаптың барлық қыздарға жараса кететіндігін айтады. Ал оны тұрпатыңызға сай таңдағандарыңыз дұрыс. Өзіңізге сай келетін түсті анықтау үшін төмендегі кеңестерімізге мұқият болыңыз:

Әдетте далаптардың түстері 3-ке бөлінеді:

- жылы түстер – шабдалы түстес, маржан түстес (коралловый);

- суық түстер – күлгіннің барлық реңктері;

- бейтарап түстер – ақшыл сары, қоңырқай;

Далапты таңдар кезде көзіңіздің, шашыңыздың және теріңіздің түсі мен ерніңіздің көлемін ескеріңіз:

Сұр түсті көздерге: ақшыл сары, шие түстес, күлгін түстер жақсы жарасады. Көздеріңіз жасыл түсті болса, қызғылт сары түсті таңдаңыз. Ал көзіңіздің түсі қоңыр болса, қып-қызыл немесе солғын күлгін түсті таңдаңыз.

Тері түсіне байланысты таңдау:

Қараторы қыздарға шокалад немесе шие түстес, тіпті қызыл түсті далаптар жарасады. Ал аққұба қыздарға жоғарыда айтылған "жылы түсті" далаптар жарасады.

Шаш түсіне байланысты таңдау:

Қара шашты қыздарға шоколад түстес, қошқыл қызыл және жылы түстерді таңдауға кеңес береміз. Ал қоңыр шашты қыздарға барлық түстер жарасады. Мысалы, күлгін, қызыл және т.б.

Ерін көлеміне байланысты таңдау:

Ашық түсті далаптардың ерінді үлкейтіп, қошқыл түстілердің көлемді керісінше кішірейтетіні құпия емес. Еріндеріңізді үлкенірек етіп көрсеткіңіз келсе, жарқын түсті қарындашпен айналасын жүргізіңіз (оның түсінің далаппен бірдей болуы өте маңызды), содан кейін ғана далап жағыңыз. Егер көлемін кіші етіп көрсеткіңіз келсе, мұның орнына қошқыл (темный) түстерді пайдаланыңыз.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: sekunde.it.ru

Қ. Бүйенбай