Ең нашар трендтер

Сән әлемі жаңалықтарды жайдары қарсы алса да, қателіктерді кеше бермейді. Жұлдыздарға қарап бой түзейтін жандар талғамын төмендетіп алмасын деген ниетпен CouponCodes4U.com америкалық порталы "Ең нашар сән тренді" атты сауалнама жүргізді. 

Сауалнамаға өз қызығушылықтарының қатарына "Сән әлемінің соңғы жаңалықтарынан хабардар болып отырамын" деп жазған 2107 америкалық қатысқан. 

Нәтижесінде жастардың жүрегін жаулаған Джастин Бибердің мына бір сән үлгісі бірінші орыннан көрініп,

"Ең нашар сән үлгісі" ретінде танылды. 

2-орын қабылан total-look-тің еншісінде.  3-орын. Флис пен трикотаждан тігілген комбинезон.

4-орын. Линзасыз көзілдіріктер 

америкалық баскетболшылар арасында расымен трендке айналды. 

Дуэйн Уэйд пен Леброн Джеймстер тіпті тастамай тағатын болып жүр. 

5-орын. Пижама.

6-орын. Джинс total-look.

Естеріңізде болса,

Fabriah.com сайтының әлеуметтанушылары 

барбадоссалық әнші Рианнаның шаш үлгісін де 

ХХІ ғасырдың ең жиіркенішті шаш үлгісі ретінде таныған болатын. 

7-орын. Жұмысқа киетін комбинезон. 8-орын. Шәркей мен платформалы жеңіл аяқ киім. 9-орын. Басқа тағатын таңғыш.  10-орын. Гладиаторлар тренді. 

Сіз не дейсіз? 

Сурет: escnews.ru, woman.ru

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова