Астаналық қыздар көздерін өзгерте бастады

Астаналық қыздар көздерін өзгерте бастады

Астана қаласының арулары хирургиялық әдістер арқылы табиғат берген көз қиықтарын түзете бастады. Олардың басым бөлігі – еуропаша көзді иемденген қыздар екен. Олар шығыстық кейіптегі көздерді қалайтындықтан, осындай қадамдарға барып отыр.

Косметолог Валерий Вавиловтың айтуынша, соңғы жылдары қабақты өзгерту оталарына келетін адамдардың белгілі бір себептері жоқ. Бұл рәсім ғылымда блефаропластика деп аталады. Оның басты мақсаты – көз айналасындағы тері кемшіліктерін жою. Бұрындары мұндай қадамдарға 30-40 жас аралығындағы әйелдер баратын. Ал бүгінде бұл ота жас қыздардың арасындағы сәнге айналып бара жатыр. Қаралушылардың ауыз толтырып айтарлықтай кемшіліктері де жоқ. Көпшілігі жай ғана көз қиығын өзгертіп көргісі келеді.

Аталған сән түрі Жапония және Корея сынды азиялық елдерде шарықтап тұр. Ол жақтарда көз неғұрлым үлкен болған сайын, әдемірек болады деген түсінік етек алған. Сондай-ақ, еуропалық қыздар Батыста, Шығыс қыздары Еуропада ерекшеленіп жүру үшін блефаропластика рәсіміне жүгінетін көрінеді.

Астана қаласында да осы тренд күрт дами бастады. Азиаттық көздерді "сатып алып" жатқан қыздардың қатары күннен-күнге көбейіп келеді. 

Дәл қазір Астана қаласында мұндай отаның бағасы 100-150 мың теңге аралығында тұрады екен. Жалпы, ота бағасы ниет білдірушінің көз қиығын қаншалықты өзгерткісі келетіндігіне байланысты келеді.

Суреттер: womenmag.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева