Қай елде - қай киімге тыйым бар?

Қай елде - қай киімге тыйым бар?

1966 жылы 13 тамыз күні Тунисте қысқа белдемшелер тыйым салынды. Белгілі бір киімді киюге тыйым салуға қатысты осы және басқа да заңдарды назарларыңызға ұсынамыз.

  • Қысқа белдемше

Қысқа белдемшелер көптеген елдерде тыйым салынған, әсіресе мұсылман мемлекеттерінде. Мәселен, 2004 жылы Занзибарда туристерге Рамазан айында қысқа белдемше киюге тыйым салынған екен. Ал Оңтүстік Корея елінде қысқа белдемше киюге тыйым салатын заңның 2006 жылы өз күшін жойғанымен жуырда ғана қайта қабылданды. Енді аталған заңды бұзғандар 45 доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Қысқа белдемшелерге Свазиленд те өз наразылығын білдіруде. Мемлекет басшыларының басты мәселесі тұрғындарды жәбірлеушілерден қорғау мақсатында олардың сыртқы көрінісін консерваторлық қылу.

  • Джинсы шорты

Киімнің осы бір үлгісі Иран елінде тыйым салынған. Сонымен қатар, осы елге келгенде әйел затының ашық түсті киімдерден уақытша бас тарта тұрғандары абзал, ал ер адамдар галстук тақпағандары дұрыс.

  • Алқызыл шалбар


Киім үлгілеріне тыйым салынатын ең ерекше заңдардың бірі Аустралияда. Бұл елде жексенбі күні түс ауған кезден бастап қызғылт түсті шалбар киюге болмайды. Үкімет басындағылар неге мұндай шешімге келгендері сол күйі жұмбақ ретінде қалды.

  • Ішкі киімнің болмауы

Аталған заң Тайланд елінде өз күшіне енген: бірде-бір адамға көшеде ішкі киімсіз жүруге болмайды, олай болмаған жағдайда айыппұл салынады. Бірақ, бір түсініксізі, заң бұзушыларды қалай анықтайды сауал.

  • Шалбар


Жуырда француз әйелдеріне шалбар киюге тыйым салатын заң өз күшін жойды. Ол 1800 жылы 17 қараша күні енгізілген екен. Заңда әйелдердің «ер адамның киімін» киюі үшін полициядан арнайы рұқсат алу қажет деп жазылыпты. Айта кетерлік бір жайт, 1892 және 1909 жылдары аталған заңға өзгерістер енгізілген. Ол мынадай: егер әйел адам велосипедпен немесе атпен қатынаған жағдайда, олардың шалбар киюлеріне рұқсат.

  • Биік өкшелі туфли


АҚШ елінің Алабама штатында қыздардың биіктігі 4 сантиметрден асатын өкше киюлеріне тыйым салынған. Аталған биіктіктен асатын өкше әйел адамның образын тым тартымды қылады. Бұл өз кезегінде қылмыскерді шабуыл жасауға арандатуы мүмкін деп есептелінеді.

  • Пижама және халат

АҚШ-тың ең жұлдызды штаты Калифорнияда көлікті пижамада, халатта  не болмаса басқа үй киімінде жүргізуге болмайды.

  • Лакталған туфли


Тіпті лакталған туфлилерді киюге тыйым салынған. Огайо штатының Кливленд қаласында әйелдер лакталған аяқ киімдерді киюге болмайды себебі оның жылтыраған сыртынан ішкі киімнің кескінін байқап қоюға болады-мыс. Соған қарағанда жаздың жаңа тренді саналатын жылтырақ металлы бар туфлилер Огайо қыздарына сол күйі арман болып қалатын секілді.

  • Қайырмалы қалпақ


Павел І-нің билігі кезінде Ресейде әйелдерге арналған қайырмалы қалпақтар қатаң түрде тыйым салынған. Патша француз киімінен буржуазиялық революцияның символын көрген және Ұлы француз революциясының идеалогиясының Ресейде таралуынан қатты сескенсе керек. Сарайдағы әйелдерге тіпті француз тілінен енген кірме сөздерді қолдануға тыйым салыныпты.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: damochka.name, allure.ru, advicelady.ru

Ж. FM