Әшекей бұйымдарды тазарту әдісі

Әшекей бұйымдарды тазарту әдісі

Әшекей бұйымдарыңызды тазарту үшін мына заттар керек:

- 1 ас қасық тұз;

- 1 ас қасық сода;

- 1 ас қасық ыдыс жууға арналған құрал;

- 1 тостаған су;

- 1 кесек алюминий жұқалтыр;

Тазарту кезеңдері:

1. Толқынды пеште суды 1-2 минут жылытыңыз.

2. Алюминий жұқалтырдың бір бөлігін кесіп алып табақтың түбіне орналастырыңыз.

3. Ыстық суды табаққа құйып, үстіне тұз, сода және ыдыс жууға арналған құралды қосыңыз. Осыдан кейін әшекей бұйымдарыңызды ішінде қалдырыңыз. 5-10 минуттан соң жылы сумен шәйіп, құрғақ шүберекпен сүртсеңіз әшекейлеріңіз жарқырап шыға келеді! 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай