Грек стиліндегі көйлектер

Грек стиліндегі көйлектер

Соңғы жылдары Грек стиліндегі көйлектер сән подиумдары мен қызыл кілемді жаулап алды десек те болады. Нәзік жандыларымыздың бұл көйлектерге деген қызығушылығы да өте жоғары. Сондықтан да, грек стиліндегі көйлектер туралы кеңестеріміз қыздар қауымын бейжай қалдырмайды деп сенеміз.

Грек стиліндегі көйлектердің ерекшелігі

Жеңіл материалдан тігілген, көз тартарлық түсті көйлектер образға биязылық пен нәзіктік, сымбаттылық пен сүйкімділік қосады. Сірә, аруларымызды баурап алған да осы ерекшеліктер болса керек. Сонымен қатар, мұндай көйлектер дене бітімінің кемшіліктерін жасырып, әдемілігін асырып тұра алады: толық денеген аздаған мүсінділік берсе, тым арық денеге бірнеше сантиметр қосып көріктендіре түседі. Мұндай сиқырды жасайтын – көйлектің еркін пішімі мен көтерілген мықым. Олар сіздің кеудеңізге екпін беріп тұрады. Ал кеудесі үлкен емес аруларымыз алдыңғы жағы перделенген, сәнделген көйлектерді таңдағаны дұрыс.

Грек стиліндегі көйлектердің тағы бір ерекшелігі – қайырылған немесе екі қатпарлы етектері, кеуде сызығынан басталатын көтеріңкі келетін белі және орнымен қойылған аксессуарлар екен.

Грек стиліндегі көйлектердің матасы

Ең сапалы көйлектер маталар: үлпілдеген шифон, торғын (ақшыл селдір жібек мата), органза, мөлдір жібек, романтикалық муслим және тор (вуаль). Осындай маталардан тігілген көйлектер нәзік қатпарлар құрып, желбіреп, төмен түсіп тұрады және қыздарға таңқаларлық көрініс береді.

Грек стиліндегі көйлектердің ұзындығы

Негізінде етегі еденге тиіп тұратын ұзындықтаған көйлектер өтімді және өте сәнді келеді. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, шағын отырыстарға, романтикалық кездесуге киюге болатын қысқа көйлектер де сіздің ажарыңызды аша түспек. Мұндай көйлектерді бойы қысқа аруларымызға кеңес берген болар едік.

Аяқ-киім

Қысқа көйлектермен әдемі өрілген бауы тізеге дейін жететін грек стиліндегі сандалдарды кию керек. Тік өкшелі туфли да қате емес. Грек стиліндегі көйлектерге алтын және күміс түсті аяқ-киімдер жараса кетеді.

Шаш үлгісі

Бұл жағына келгенде грек стиліндегі шаш үлгілеріне назар аударғаныңыз абзал. Шашты әртүрлі етіп өруге де болады. Және маржан тасты түйреуіштердің көмегімен әртүрлі шаш үлгілерін жасап алыңыз. Шашыңызды жайған жараса бермейді.

Әшекей бұйымдар

Әшекей бұйымдарды таңдауда кеудеден шамалы жоғары тұратын сопақша келген алқаларды таңдаған дұрыс. Оның кез келген металлдан жасалуы мүмкін немесе қымбат тастардан безендірілгені де жарайды. Металлдан, пластиктен жасалған қалың білезік әшекейлердің қатарын толықтыра түспек.

Сөмке таңдау

Сөмке таңдауда мына ережелерді естен шығармаңыз: дөңгелек пішінді, кішкентай көлемді, жұмсақ материалды, нәзік реңді болуы керек.Грек стиліндегі көйлектерге аксессуарлар мен әшекей бұйымдарды дұрыс таңдай білсеңіз грек патшайымдарын еске түсіретін биязылық қасиетіңіз айқын көрінетін болады.

Сырт киім

Әңгімемізге арқау болған көйлектерді пальтомен немесе мамықтан жасалған қалың киімдермен елестету өте күлкілі десе де болады. Сондықтан, салқын күндері көйлектің сыртынан киетін киімдерді таңдау өте қиын. Жаздың салқын күндеріне көйлек түсіне, матасына сәйкес келетін палантин тауып алыңыз. Ал басқа маусымда сырт киім ретінде тері жағалы(горжетка) киімді немесе елтірі манто дұрыс болады. Екі нұсқа ұзын да, қысқа да көйлектерге жарай береді. Сонымен қатар, грек стиліндегі көйлектерді матасы жұмсақ жүндермен сәнді көрінеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: ona-modnaja.ru