Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Шаш үлгісін бет пішініне қарай таңдаңыз

Шаш үлгісін бет пішініне қарай таңдаңыз

Шаш үлгісін бет пішініне қарай таңдаңыз

Көктем қыздардың қызғалдақтай құлпырып, жайнайтын кезі. Осы уақытта өзімізді барынша өзгертуге тырысамыз. Жаңа киім алып, шашымызды да басқаша сәндейміз. Шаш демекші, қыздардың шаш сәнінің сан түрі бар емес пе? Солардың арасынан қайсысын таңдауға болады? Сіздің бет пішініңізге қандай шаш сәні жарасады? Массагеттің сәнқой қыздары ұсынған мына кеңестерді оқып, бетіңізге жарасып, өңіңізді ашатын шаш сән үлгісін таңдаңыз.

Егер сіздің бетіңіз...

СОПАҚ болса,

қуаныңыз! Сіздің бет пішініңізге кез келген шаш сәні жараса береді. Ұзын не қысқа шаш, кекілі бар не жоқ, көтерілген не жиналған, құлақты ашсаңыз да, жапсаңыз да... Атап өтетін бір ғана жайт: шашыңыз тым ұзын болса, оны жайып жүрген сізге онша жараспауы мүмкін. Ал түйілген шаш жасыңызға бірнеше жыл қосып көрсете алады.


ҮШБҰРЫШ пішінді болса...

Бұндай пішінді жүрек пішіндес деп те атайды. Сізге иектен төмен келген шаш ұзындығы жарасады. Мысалға каре атты танымал шаш сәні. Кекіліңіз қасқа дейін ұзын, түзу не қиғаш болуы мүмкін. Жалпы, шаш сәніңіз бетіңізге кішкене болса да сопақ пішін беріп тұру керек. Ол үшін шашыңызды беттің жағына түсіп тұратындай етіп жинаңыз. Ұзын кекіл мен бетіңізге түсіп тұрған шаштар бетіңізге дұрыс пішін береді. Қысқа кекіл мен жаланып жиналған шаш сәнінен абай болыңыз.

ДӨҢГЕЛЕК пішінді болса...

Беті осындай пішінді арулар үшін ең маңыздысы -  бетті сопайтып көрсету. Тік не қиғаш кекіл жасасаңыз болады. Шашыңыз түзу, ұзындау болуы тиіс. Кекілдің маңызы зор. Төмен жиналған, не түйілген, артқа жиналған шаш - сізге арналмаған.

 ҰЗЫН бет

Ұзын бетті қыздарға "боб" атты шаш сәні өте жарасымды болмақ. Ол бетке көлем беріп, жұмсақ қылып көрсетеді. Ұзын, тік жатқан шаш сәнін жасамағаныңыз дұрыс.


ТӨРТБҰРЫШ  бет

Ұзартылған каре - міне арманыңыздағы шаш сәні. Оның ұзындығы иектен кішкене ғана төмен болуы керек (бұлай шашыңыз бетіңіздің үшкір жерлерін жабады). Осыған ұқсас кез келген шаш сәні сізді сұлу қылып көрсетпек. Қысқа алынған шаштан абай болыңыз.

 

Бетіңіз АЛМҰРТ тәріздес болса,

кекілдің болғаны сізге өте керек, шашыңызды бетке түсіріп қойыңыз, артқа жиналған шаштан аулақ болыңыз.

 

 

 


Әлбетте қыздың сұлулығы жүрегінде. Бірақ, оны әркім біле бермейді. Сондықтан сырттай да, іштей де тартымды да көркем болайық, қыздар!

Ал сіздің шаш сәніңіз қандай? 

 

Суреттер: parikmaker.ru, goodwoman.ru.

209382 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 17:30
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 22:51

суреттері қызық :mrgreen: мен каре етіп тастаймын, бірақ тез өсіп кетеді

+0
21 желтоқсан 2015, 01:02

норм екен:)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...