Шығыс сұлуларының құпиясы неде?

Шығыс сұлуларының құпиясы неде?

Күншығыс елінің қыздары қартайғанша мінсіз сымбаты мен балғын терісін, жібектей шашын мінсіз қалпында сақтайды. Бұл олардың қолынан қалай келеді?

Өз жасынан жасырақ көрінуі үшін шығыс сұлулары өздерін күту рәсімдеріне күніне ондаған сағаттарын жұмсайды. Басқа елдің қыздары естімеген сұлулық құпиялары бұл екі елде көп: құрма, шайшөп майы, күнделікті мәзір, табиғи косметика.

1. Тамақтанудың алтын ережелері

«Адам өзіне ұқсас тағамдарды жейді» деген нақыл сөзді жапон мен кәріс қыздары жадында ұстайды. Сол себепті тамақтану ережелерін қатаң сақтайды. Бұл жердегі басты ереже – барлығынан аз-аздан. Қарапайым түскі астарының өзі 5-30 түрлі тағамнан тұрады. Тағамдары кіші ыдысқа, барлығын жесеңіз де артық салмақ қоспайтындай етіп салынады. Көбінесе асу, пісіру әдісімен дайындалады. Бұл әдістер дәрумендердің сақталуын қамтамасыз етеді. Азық-түліктер көп уақыт пісіріліп, бұқтырылуы мүмкін, тек артық мөлшерде қуырылмайды. Мысалы, соя сорпасы небары 2 минут ғана пісіріледі.

Жапондықтардың ас үйінде шикі тағамдар көбірек пайдаланылады.

Батысқа қарағанда жапондықтар мен кәрістер нанды аз мөлшерде қолданады. Оның орнын күріш алмастырады. Ал күрішті жеу - артық салмақ қоспаудың тиімді әдісі.

Фастфудты мүлдем жемейді!

Күрішпен қатар шығыс аруларының сүйікті тағамдары – балық, көкөніс, көк шәй, жеміс, салат жапырағы, соялық тофу ірімшігі, шалғам. Жұмыртқа мен сүтті мүлдем қолданбайды. Фастфуд, гамбургер, шұжық жеп тұрған кәріс және жапон қыздарын ойша елестету де қиын.

 

С және Е дәрумендеріне бай көк шәй ішу дәстүрін 10 ғасырдың өзінде Қытай халқынан алған. Дәстүрдің сіңісіп кеткендігі соншалық заманауи сусындар да алмастыра алмайды.

Ал тәтті тағамдардан бас тартпаса да, аз мөлшердегі пудинг, жемістерден жасалған десертті жейді. Десертке сүт пен сарымайды мүлдем қоспайды.

Жібектей шаш


Мұнан өзге көзімізге түсетіні - жылтыраған шаштары. Жүз жылдан бері шайшөп құпиясын ашып, пайдаға асыруда. Шайшөптің құрамында шашты сусылдатып жылтырататын ақуыз бен олеин қышқылы бар. Оны қолдану әдісі: ас қасыққа құйып қыздырып, шашқа біртегіс жағып, артынан 20-30 минут өткен соң кез-келген сусабынмен жуу.

Косметика

Шығыс ханшайымдары косметиканы жақсы көреді. Алайда таңдаулары европалық арулардан мүлдем бөлек. Маскаларға арналған ыдыстар, әтірдің хош иістері, пайдаланылатын заттардың түстері, қылқалам барлығы әдемі үйлескен. Үнемі консерванті, иістендіргіштері мен бояуы аз табиғи өнімдерді пайдаланады. Арулар косметикасына ылғалдандырып, ультра күлгін сәулелерден қорғайтын маржан протеинін қосады.

Балғын әрі тегіс тері


Кәріс және жапон қыздарының кәрлендей тегіс терісіне көпшілік қызығады. Әдеттегі тері реңкін өзгертетін майларды мереке-тойларда ғана пайдаланады. Бетті ылғандандыру процесі бірнеше сағаттарға созылуы мүмкін. Оны бастаған соң, аяқтамасқа болмайды. Мұнымен қатар аптасына 1-2 рет теңіз балдырларынан жасалған маскаларды қолданады.

"Балғын шақ" маскасы

Ақ балшыққа ұнтақталған сұлы, күріш, майда тазартылған теңіз балдыры және түймедақ жапырақшаларын қосыңыз. Қоспаға бір-бір қасықтан итмұрын, жожобо, түймедақ майын құйып, кішкене су құйып араластырыңыз. Маска қою кейіпке енген соң, бетке тегістеп жағып 15 минутқа қалдырыңыз. Мұндай масканы суық газдалмаған сумен шайған дұрыс.

Алма сіркесі мен теңіз тұзы

Алма сіркесінің шаш майлануын басуға, шашты өсіруге тиімді әсер ететінін біліп, сусабындарына қосады. Оны ваннаға түскенде немесе бетті тазартатын құралға қосып қоюға болады. Ал егер алма сіркесін шайшөп, түймедақ, қалақай, лаванда, гүлшетен сығындысына қоссаңыз тамаша бет тазартатын ласьон алуға болады.

Теңіз тұзы

Теңіз тұзы - целлюлитке қарсы керемет қоспа. Оны жуынбас бұрын алоэ, емдік саз балшық, теңіз балдырларымен араластырып денеге жағады. Бұл терінің балғындығын қамтамасыз етеді.

Уқалау рәсімі міндетті түрде!


Уқалау рәсімі мінсіз сымбаттың кепілі екені көпшілікке мәлім. Бетке арналған «шиацу» уқалауы кәрленге ұқсас теріге ие болуға көмектеседі. Ол саусақ ұштарымен ғана, күніне 5 минуттан жасалады.

Алтын құрма

Құрма Жапонияда қуаныш пен молшылықтың белгісі. Қызғылт түсті бұл жемісті жапондықтар ғасырлары бойы пайдаланып келе жатыр. Құрма тамыры мен жапырақтарында нәрлендіретін микроэлементтер мен заттектер бар.

Теріні нәрлендіруге арналған маска.


Алдымен сауна немесе моншада тері тесіктерін ашып алыңыз. Содан кейін құрманың жұмсақ балдырын алып дене мен бетке жағыңыз. Құрма балдырын теріңізде 30 минутқа қалдырып, артынан жылы сумен жуыңыз.

Құрмадан дайындалған сусын

Бір қасық құрманың кепкен жапырақтарын алып 2 литр ыстық суға салыңыз. Құрамына балды да қоссаңыз болады. Бірнеше минутқа тұндырып қойған соң сусын дайын.

Балғындық сыйлайтын ванна

Бір тостаған су мен бір тостаған құрманың кептірілген жапырақтарын араластырып тұндырыңыз. Осымен 1,5 сағатқа арналаған жайлы ваннаңыз дайын.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: top-antropoc.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды