Қызыл кілемдегі сән

Қызыл кілемдегі сән

Қызыл кілеммен жүріп өту – жұлдыздар үшін қуанышты да маңызды рәсім. Салтанатты көйлек таңдап, тіктіріп, көптеген фотографтардың алдында мінсіз келбетте өту оңай емес. Біздің жұлдыздар осы тапсырманы қалай орындады екен?

Қыздар топтары әдеттегідей арнайы бір стильде тігілген көйлектерді таңдады. "Кешyou" және "Асыл" топтарының қыздары қызыл кілемге ұзын, бір стильді, түрлі-түсті көйлектер киіп шықты. 

"Кешyou" тобы

"Асыл" тобы

Баян Есентаеваның қызыл кілемге киген бірінші көйлегі көпшілікке бірден ұнады. Жалпы арулардың барлығы етегі ұзын салтанатты көйлектерді таңдады.

Маржан Арапбаева басқалардан ерекшеленіп, жылтыраған жасыл көйлекте келді.

Айжан Нұрмағамбетова әдеттегідей көйлегімен де, көтеріңкі көңіл-күйімен де көпшіліктен ерекше болды.

Арнау дуэті өз стилінен қайтар емес: Нұржан көзілдірік пен қалпақта, Салтанат нәзік, тастармен көмкерілген көйлекте келді.

"Ringo" тобы кешке келіп жатқан жігіт жұлдыздардың көбісі сияқты қара костюммен шектелді.

Бұл күні жігіттер жас жұлдыз ADAM сияқты галстуктарға қарағанда "көбелекті" қош көрді.

Беркуттың көзәйнектері барған сайын ерекшелене түсуде.

Кештің жүргізушілерінің бірі Динара Сәтжан мен осы кеште Баян Есентаева, Роза Рымбаева, Динара Сәтжан және басқа жұлдыздарға көйлек тігіп берген дизайнер Наиль Байкучуков.

Нұрлан Әлімжанов қызыл жолға қарапайым киім таңдады.

Орда тобының жігіттері өздерінің стилінде киініп, ойнақы көңіл-күйде болды.

Мұзарт тобының жігіттері осы кеште ерекше сәнді болып, көпшіліктің назарына ілінді.

Отандық жұлдыздардың стилі осындай салтанатты кештерде өңделіп, шыңдала түседі. Көптеген жұлдыздардың айтуынша, бұндай ерекше шаралар үшін олар өзінің жеке дизайнерлеріне тапсырыспен жаңа сәнді көйлектер тіктіреді екен. 

Ал сізге кімнің киімі ұнады?

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А