Көктемгі тренд – бомбер күртешесі

Көктемгі тренд – бомбер күртешесі

90 жылдардан бастау алған спорттық күртеше – бомбер қайта сәнде. Бомбер күртешесі заманауи сәнқой қыздың гардеробында "болуға тиісті" заттардың қатарында. Қазірде ерекше сәнді саналатын бұл күртеше көктемнің ауыспалы ауа-райында мінсіз келеді. Оны дұрыс үйлестіріп кие білсеңіз, шынымен көктемгі бейне жасай аласыз.

Бомбер аталатын жұқа күртешелер тарихы 1995 жылдан басталады. Оның моделін ұшқыштардың тапсырысы бойынша арнайы ойластырып, пішіп, тіккен екен. Алайда әубаста униформа болған бомбер ыңғайлылығы мен әмбебаптығының арқасында танымалдыққа ие болып, көпшіліктің сүйікті киімдерінің қатарына қосылды. Уақыт өте, пішініне байланысты бұл күртешелер спроттық киімге жатқызылып, сол себепті жастар арасында танымал болды.

Қазір сәндегі бомберлердің түрлілігі көз жауын алады. Түймеде не сырмадағы түрлерін кездестіре аласыз. Әдетте белі, білегі мен жағасы резеңкемен тартылады. Бір түсті не түрлі-түстілері де бар, әсіресе спортты белгілерімен принттелген түрлері ерекше сәнді.

Бомберлер шынымен әмбебап, себебі олар кез келген киіммен үйлеседі. Әрине тым ресми стильдегі киімдер, яғни дәстүрлі қара шалбар мен белдемшелермен жараспауы мүмкін, алайда күнделікті киетін джинсы шалбары, шорты, қысқа көйлек пен тар белдемшелермен керемет үйлеседі.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: style.com, pinterest.com

С. А