Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Көктем – 2013: Сәнді аяқ киімдер топтамасы

Көктем – 2013: Сәнді аяқ киімдер топтамасы

Көктем – 2013: Сәнді аяқ киімдер топтамасы

Көктем... Қыздар үшін бұл жаңару мен жайнау кезеңі. Қабат-қабат киімдерді, қалың етікті шешіп, жаңа, сәнді, жұқа, түрлі-түсті киім кигенге не жетсін? Осы орайда, өзіңізге жаңа аяқ киім алуға ниеттеніп жүрсеңіз, осы маусымдағы ең сәнді трендтер мен түстерді біле жүріңіз.

Көктемгі гүлдер

Көктемді сездіретін бірден-бір тренд – гүлдер. Гүлді принттермен көйлектер, сөмке мен аксессуарларға қоса, гүлмен өрнектелген аяқ киімдер де сәнде. Дизайнерлер ұсынған нұсқаларда гүлдерге қоса, жарқын түстер, биік өкшелер мен платформалар бар.

Жарқын түстер

Көктемде кемпірқосақтың барлық түстері, әсіресе, барлығын бірге қолдану сәнді болады. Жарқын, "неон" түстері: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк пен күлгіннің жарқын түрлері аяқ киімде орын алуда. Жарқын түсті туфли осы маусымда сізде міндетті түрде болуы тиіс. Келбетіңіздің бұндай бөлігі сізді де, басқаларды да қуантып, көңіл-күйді көтереді.

Жылан терісі

Көктемде "жылан терісі" аяқ киімі де трендте болмақ. Жылан жылы сәнге өз ықпалын берген сияқты. Ботильон, туфлидегі бұндай принт сізді бір сәтте тартымды, сәнді қылады.

 Биік платформа

"Платформа" өкшесі күннен-күнге танымалдылыққа ие болуда. Дизайнерлер бұл маусымда барынша биік платформаны таңдауға кеңес береді. Әрине, бұндай аяқ киіммен жүріп үйрену керек. Алайда бұл биік өкшеден әлдеқайда оңай. 

Сәнді кроссовкалар

Кроссовка тек спортпен шұғылдану үшін керек деп кім айтты? Ыңғайлы да сәнді киінетін қыздарға мынадай танкеткадағы кроссовка таптырмас шешім. Бір жағынан ол қарапайым кроссовкалар сияқты ыңғайлы, екінші жағынан биік, әрі сәнді.

Ыңғайлы балеткалар

Күнделікті киюге болатын ыңғайлы балетка не мокасиндеріңіз дәстүрлі пішінді, қара түсті ме? Қарапайым заттың өзін түрлендіріп, жарқын түстісін не ерекше пішінді түрін таңдаңыз.

 

Дәстүрлі қара туфли

Қара түсті дәстүрлі туфли әр қыздың гардеробында болуға тиісті. Іскерлік кездесуге де, жұмысқа да, сабаққа да, кешкі отырыстарға да киіп баруға болатын бұл әмбебап аяқ киім сіз үшін тым қарапайым болса, ерекше ұсақ-түйектері бар түрлерін таңдаңыз.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: miraton.ua

2785 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 сәуір 2013, 14:29
Тегтер: аяқ киім, сән, туфли,
Пікірлер
+0
19 сәуір 2013, 14:46

Жарқын түстер мен биік платформа ұнады :mrgreen: :P

+0
19 сәуір 2013, 14:49

Жылан терісі қызықтырып тұр

+0
19 сәуір 2013, 15:29

биік платформа ұнады) бірақ күнделікті тұрмыста кие алмайтын сияқтымын, тағы жазыңызшыыыыы, қандай аларымды білмей басым қатып жур еді)

+0
19 сәуір 2013, 17:48

1- тұрғанға құладым қыздар. Сәнді крассовкаларда ұнап тұр

+0
22 сәуір 2013, 10:45

ен бірінші тұрған өте әдемі екен!!

+0
05 мамыр 2013, 16:59

кроссовкалар әдеміі*

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...