Көктемгі дизайн элементтері

Көктемгі дизайн элементтері

Терезе сыртында қандай ауа-райы болмасын, көңіліңізде көктем орын алу үшін, дизайн элементтеріне көңіл бөліп, үйіңізді сәндеп қойыңыз. 

Алтын түсті ұсақ-түйектерді көбейтіңіз. Мысалға мынандай гүл пішінді шам салғыш үйде қажет, сонымен қатар өте сәнді, әдемі зат.

Күнделікті қолданыста қажет және үйге ерекше жылу сыйлайтын жақсы мысал - жарқын түсті, гүл суреттері бар жастықшалар.     
Дүкен не базарды біраз араласаңыз, ерекше пішінді заттар таба аласыз. Мысалға, түсініксіз пішінді құмыралар тек сіздің үйіңізге ғана тән болып, мақтанышыңызға айнала алады.      

 

Жасыл түстес аяқ сүрткіш жуынатын бөлмені жаңарта алады.

Гүлдер суреті бар ыдыс көктем маусымында ас үйіңіздегі жайдары көңіл көзі болады.

      

Мынандай ерекше ұсақ-түйектерді міндетті түрде алып қойыңыз.     

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: HMI

С. А