Креатив: қабырға ток көздері

Креатив: қабырға ток көздері

Үй шаруасында ақылы асқан адамдар неше түрлі заттарды одан ары жетілдіріп, қала берді сәндеп тастағысы келіп тұрады. Ендеше, назарыңызда сіздің үйді сәнге бөлейтін кішігірім жаңалықтар:

Бізге беймәлім бір жапондық үй розеткаларын тығып қоюдың оңтайлы жолын тапты. Әсіресе, розетка қолданбайтын кей үйлерге жақсы болды...

Интерьерден бұғы мүйізін көру бәлендей таңсық емес. Дей тұрғанмен, мына бір жапондықтың өнертабысы қайран қалдырды. Қолайлықты жөн көретін адамдар ұялы телефондарын қуаттауда бұғы мүйіздерін пайдалана алмақ.

Жапсырма қағаздардың арқасында желілік розеткалар үй жануарларына ұқсап тұр. Жасампаздық тұрғысында жақсы әсер қалдырары сөзсіз.

«Гангнам-стилдегі» розетка

«Тышқан үйі»

Функциональдық маңызды шешім

"Sony" фирмасының розеткалары қуатталып тұрған гаджеттерді еске түсіреді. Әлеуметтік желілермен байланыс түзуге және тағы да бірнеше көмекші қызметтерді атқаруға көмектесетін болып шықты. 

Шоғырсымды (кабель) істен шығарудың ең тиімді әрі оңтайлы жолы.

Осы бір розеткалар үйдің барлық бөлмесінде орналасқан болса, онда жалғастырғыш тетік дегеннің керегі болмас.

Лейкопластырь (жабысқақ пластырь) түріндегі розеткалар токпен ойнаудың қаупін әрқашан ескертіп отырмақ.

сурет:oddee.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига