Тұрмыстық құралдарды тазартудың тәсілдері

Тұрмыстық құралдарды тазартудың тәсілдері

Кез келген тығырықтан шығудың жолы болады. Сол секілді тұрмыстық заттардағы дақтарды кетурдің де тиімді әдістері бар. Өзіміз  ғана біліп қоймай, сіздермен де бөліссек деп едік. 

Тоңазытқышты артық иістен тазартқыңыз келсе, ішіне көкөністі газетпен орап салып қойыңыз.

Үй ішіне жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда үстелдер мен орындықтар еденді сырмасын десеңіз, олардың аяқтарына шұлық кигізіп қойыңыз.

Беті дақ үтікті тазалау үшін қағазға тұз шашып, соны үтіктеңіз.

Тот басқан құрышты зәйтүн майымен тазалау керек.

Ал егер жейдеңізде ерін далабының ізі қалып қойса, оны шашқа арналған лакпен кетірсеңіз болады. Жейдені кір жуғыш машинамен жуатын болсаңыз, алдымен лакты аздап сеуіп қойыңыз. 10 минут өткен соң ылғал шүберекпен сүртіңіз. Содан соң ғана жууға кірісе беріңіз. 

Күміс ыдыстар мен бұйымдарды содамен сүртіңіз.

Бор ыдыстарды қараюдан сақтайды.

Жұмыртқаның қабығын құмыра не бөтелке тазалау үшін пайдалануға болады. Ыдысқа жұмыртқаны салып, тазалауға арналған сұйықтықты құйыңыз. Содан кейін мұқият шайқаңыз.

Күдері аяқ киімдегі дақты кетіру үшін тырнақ егеуін пайдалануға болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: wowfacts.net, kz.all.biz

А. Әбілхан