Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Келіндер мектебі шақырады!

Келіндер мектебі шақырады!

Келіндер мектебі шақырады!

Алматыда келіндер мектебі ашылды. Оны Қазақстан әйелдерінің академиясы деп те атауға болады. Осы мектепті тәмамдаған келіндер Қазақстанның үздік келінін анықтайтын байқауға жолдама алады. Байқауда 12 ең үздік қалыңдықты таңдайды. 

Жобаның ұйымдастырушысы Белла Сат мырзаның айтуынша, оның ойына осындай мектеп жасау идеясы Қазақстан отбасыларына мониторинг жасау барысында келген. Қыздардың айтуынша, әр үшінші неке өмірлік жалғасын таппайды. Ал отбасылық өмірдің орташа ұзақтығы бес жыл ғана екен. Ұйымдастырушы, сонымен қатар, елімізде қыздардың көп бөлігінің тұрмысқа шықпай отырғанын да айтып өтті. Сондықтан қыздарды өнегелі келін болуға үйрететін мектеп ашу қажеттілігі туындаған.

"Курста қыздар дәмді тағам жасауды, киім тігуді, бетті дұрыс бояуды, отбасылық психологияны дұрыс меңгеруді оқиды. Біз қазіргі қазақтың қарагөз қыздарынан өзіне де өзгеге де уақыт бөле алатын пысық та, инабатты, дәстүр мен салттан мақұрым емес, мәдениетті келін жасап шығарғымыз келеді", - дейді Сат мырза.

Мектепте ұйымдастырушылар болашақ келіндерге міндетті түрде ет тамақ жасауды үйрететініне уәде берді. Балаларды қалай өсіріп, оларға қандай тәрбие беру жөнінен тәжірбиелі аналар кеңес беретін болады. Отбасындағы психологиялық жағдайлар бойынша арнайы мамандар дәріс жүргізеді. Ал биден "Запрещенные танцы" фильміндегі бишілер сабақ өткізеді. Курс жоспарында Ұлы Отан Соғысының батыры Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованы шақыру да жоқ емес. 

Бұл мектепте қыздар бір ай білім алатын болады. Жақын арада "Керемет келін - 2013" байқауы ұйымдастырылмақ. 

Айтпақшы, келіндердің мектебі елімізде алғаш рет ашылып жатқан жоқ. Мұндай мектеп Ақтөбе қаласында да болған көрінеді. 

Сіз де қатысып көріңіз, бойжеткен!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

5951 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 ақпан 2013, 18:43
Пікірлер
+0
13 ақпан 2013, 18:29

))))) Бір жеңгемді жөнелтетін екен мына жаққа ))

+0
13 ақпан 2013, 18:32

қатыссам бәрін шаң қаптырайын деп тұрмын, қой бәйгесі құрсын :lol: :lol: (Жақсы бастама екен, тегін бе?)

+0
13 ақпан 2013, 18:48

мынаған менің анау адай жеңгемді жіберген дұрыс болар. көптен бері іші пысып жүр еді

+0
13 ақпан 2013, 18:53

өте дұрыс бастама екі қолымды көтеріп құптаймын. басы бос қыздарики келін өмірі жұғысты болсын сіздерге :)

+0
13 ақпан 2013, 20:10

Ураааа. Мен жоқтап жүрген нәрсе табылды. Барам!

+0
14 ақпан 2013, 00:14

Сиыр сауу, таба нан пісіру, күбі пісу деген тірліктерді үйретуге мені шақырсын, Джынды ғып тұрып үйретіп берем))))) :ugeek:

+0
14 ақпан 2013, 00:16

Бір адам жасай алған затты басқа да жасай алады. Үйренем деген ниет болса болғаны.

+0
14 ақпан 2013, 08:57

тек келіншектер қатыса алады ма ол курска?ал,қыздар ше? :(

+0
14 ақпан 2013, 15:37

түсінбегенсің, нәзік жыныстылар қай жаста болмасын кеш емес деп ойлаймын. Шымкентте көбіне тұрмысқа шыққалы жүрген, яки дайындалып жүрген қыздар барады екен)))

+0
14 ақпан 2013, 15:35

ооо жақсы жақсы жаңалық. Шымкентте де көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген осындай келігдер мектебі бар)))

+0
14 ақпан 2013, 19:34

қыз баланың мектебі-анасы, университеті-енесі емеспе?? мына академияларың қызық екен.

+0
15 ақпан 2013, 12:30

Бұл керек негізі. Мен байқауды қарағым келеді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...