Үй гаджеттері

Үй гаджеттері

Айналамыздағы заттар тек ыңғайлы мен әдемі емес, сондай-ақ өзіндік ерекше болса қалай болар еді? Көңіліңізді көтере алатын мынандай заттарды қалайсыз ба? 

Ағып тұрған үстел 

Осындай үстел басына достарыңызды жинасаңыз, таң қалған қонақтарыңызды тыңдауға дайын болыңыз. Алайда, бұл үстелдің басында өзің жалғыз қалып тамақтану қорқынышты болмақ... 


Тәуелсіз болам десеңіз

Түнгі ұйқыңыз жарыңызды итеру мен бір-біріңізді тебумен өтеді ме? Өз жарты төсегіңізді ешкімге бергіңіз келмейді ме? Сүйіктіңіз иығыңызда жатып, сізді жерге итеріп тастап, таңертең ештеңе болмағандай жүреді ме? Өз территорияңызды сақтап қалыңыз! Мына өлшеуішпен сіз оған әрқашан аймақтың тәуелсіздігі бұзылғандығы жайлы ескерте аласыз!

постельное белье

Гүл шамы 

Күннің жарығындай жарық беретін мына гүл шамы таңертең тұра алмайтын жандарға арналған. Шамға оянуыңыз керек уақытты белгілеп қойсаңыз, сол уақытқа бір сағат қалғанда, гүл ашыла бастайды. Оянуыңыз оңай, тез, әрі өзіңізге жағымды болады. Ал бұл - сәтті күннің алғышарты.

лампа-будильник

 

Сарымсаққа жол жоқ! 

Кешкі асқа дәмді тамақ дайындаймын деп ниеттеніп, сарымсақты тазалай бастағанда, көзіңіз жасаурап, еңіреп жылаған сәттеріңіз болды ма? Мейкапыңыз да, көңіліңіз де жаспен бірге ағыл-тегіл ағып кетеді ме? Сарымсаққа тосқауыл қойыңыз! Мына сиқыр анти-сарымсақ көзілдірігін кисеңіз болғаны. Ол жастан да сақтап, көңіліңізді де көтерері анық.

анти-луковичные очки

Ал сіздің үйіңізге осындай заттар қажет пе?

Суреттер woman.ru сайтынан алынды.

С. А