Тұмауратып қалған баланы далаға серуендеуге шығаруға бола ма?

Тұмауратып қалған баланы далаға серуендеуге шығаруға бола ма?
Фото: pixabay.com

Бала ауырып қалса, оны балабақшаға немесе мектепке апармаймыз. Үйде зеріккен бала оны далаға шығаруын сұрап, жылай бастайды. Қандай жағдайда баланы далаға серуендеуге шығара беруге болады?

Тұмауратқан баланы жаңбыр жауып тұрмаса, қатты жел болмаса және баланың температурасы болмаса, далаға шығаруға болады.

Ал мына жағдайларда баланың үйде отырғаны жөн:

- Әлсіздік байқалады;
- Температурасы көтеріліп тұр;
- Дала қатты суық, аяз немесе жаңбыр жауып тұр;
- Ол көптеген қосымша әсерлері бар дәрі ішіп жүр.

Қыста үйдің іші жиі ыстық, шаң және ауа жоқ болып кетеді. Жылытқыш құралдардың себебінен ауа құрғап кетеді. Сондықтанда кішкентай балалар далаға шыққанда жақсы ұйықтайды. Үйді жиі желдетіп тұруды ұмытпау керек.

Бала жөтеліп жүрсе...

Жөтелдің асқынған түрінде серуенге шығуға болмайды: қалтырау, жоғары температура, әлсіздік, тамақтың ауыруы, үздіксіз құрғақ жөтел. Дәрігер карантин режимін сақтауды ұсынған жағдайда да далаға шығуға болмайды. Әйтпесе, сіздің балаңызбен бірге ойнайтын балалардың да ауырып қалуы мүмкін. Балаңыз жызылып қалған кезде және жөтел қалдық белгі болып саналатын кезде серуенге шығуға болады.

Аналарға арналған кеңестер

1. Серуенге шығар алдында балаңыздың мұрнын тазартып алыңыз;
2. Баланы ауа райына сай киіндіріңіз. Бала терлемеуі немесе тонбауы керек;
3. Серуен кезінде беленді ойындарды барынша алып тастаңыз;
4. Далаға шығарда үйдегі терезелерді ашып кетіңіз;
5. Далаға күніне бір рет шығып, 2 сағат жүргеннен гөрі 30 минуттан бірнеше рет шыққан жақсы;
6. Бала әлсізденгенін байқаған бойда үйге кіру үшін үйден алыс емес жерде жүріңіз.

А. Жапатова