Тоңазытқышта не сақтауға болмайды?

Тоңазытқышта не сақтауға болмайды?

Тоңазытқыш, сөзсіз, адамға пайдасы бар технология жетістігі. Алайда тоңазытқышта да сақтауға болмайтын азық-түліктер бар екен.

  • Консервілер, қақталған тағамдар мен тосаптар. Бұлар тоңазытқышта артық орынды алады. Оларды қараңғы, құрғақ, салқын жерде ұстаса да болады.
  • Қатты көкөністер (картоп, сәбіз, пияз) тоңазытқышта тезірек бұзылады. Оданша оларды пластик құрғақ жәшікте, пакеттерде сақтаңыз.
  • Асқабақ пен қауын тоңазытқышта көп тұрғаннан бұзылады екен.
  • Тропикалық жемістер төменгі температураларды улы заттар бөліп, шіри бастайды. Цитрус жемістерін сөрелерге қойған абзал.
  • Анар және құрма жемістері де суыққа төзбейді. Оларды қағазға орап, бөлме темпаратурасында құрғақ жерде сақтаған дұрыс.
  • Шоколад пен кәмпиттердің бетіне төменгі температураларда конденсат бөлінуі мүмкін. Ол кеуіп, шоколад бетінде қанттың кішкентай кристаллдары қалады.
  • Зәйтүн майын да тоңазытқышқа салмаған жөн. Суықта ол дәмін жоғалтуы мүмкін.
  • Балдың бар пайдалы қасиетін суықта жоғалта алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mamahozayhka.ru

С. А