Дженнифер Лопестің жаңа кітабы не жайлы?

Дженнифер Лопестің жаңа кітабы не жайлы?
Фото: әлеуметтік желі

Атақты әнші Дженнифер Лопес пен танымал тележүргізуші Джимми Фэллон бірге кітап шығарды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол — балаларға арналған «Con Pollo: A Bilingual Playtime Adventure» кітабы. «Con Pollo» — кішкентай балларға базалық испан лексикасын меңгеруге көмектесетін суреттері бар қызықты кітап.

Бұл жұлдызды жұп үшін кітап жазу жаңа тәжірибе емес. Бұған дейін Джимми Фэллон бес балалар кітабын, ал Дженнифер Лопес бірнеше автобиография жазған болатын.

Джимми Фэллон бір сұқбатында Дженнифер Лопес «Кешкі шоудан» бөлек басқа жобаларда да бірге жұмыс істеуді ұсынғанын айтқан. Содан соң бірге балалар кітабын жазу идеясы туындаған.

Джимми кітап идеясын шөжелер балалар үшін жақсы дос бола алатынынан бастаған. Кейін ойлана келе кітап «Con Pollo» деп аталуы керек деп шешкен. Ол испан тілінен «шөжелермен бірге» деп аударылады. Шөжелердің қызықты оқиғалары екі тілді біріктірген: кітап испандық аудармасы бар ағылшын тілінде жазылған.

А. Жапатова