Джинсы шалбарын жумауға да болады екен

Джинсы шалбарын жумауға да болады екен

Джинсы шалбары әр адамның гардеробынан табылады. Бұл шалбарлар ыңғайлы, ерекше күтімді қажет етпейді. Ал ғалымдардың жүргізген кезекті тәжірибесі бойынша оларды жиі жумаса да болады екен.

Канадалық студент Джош Ли "матадағы бактериялар" зерттеулерін жүргізіп жүрген профессорына көмекке келді. Джош бір джинсы шалбарын 1 жылдан астам уақыт киіп жүрді. Бұл уақытта ол джинсыны 330 рет киген екен. Джинсы шалбары кірлеп қалған кездері ол қағаз майлықтарымен сүртіп, түнде жаман исітен арылту үшін сыртқа жайып қоятын.

Олар 15 ай 1 апта киілген джинсы бетіндегі бактериялар санын тексере бастады. Артынан джинсыны жуып қайта Джошқа киюге берді. 13 күннен кейін (статистика бойынша киімді жуу жиілігі) қайта сараптамалар жүргізілді. 

Нәтижесінде екі жағдайдағы да бактериялар саны бір-бірінен қатты ауытқымады. Демек, джинсы шалбарын мүлдем жумаса да болады деген сөз.

Ал сіз джинсыңызды жиі жуасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А