«Атасы мен немересі сияқты»: Николас Кейдждің бесінші әйелі кім?

«Атасы мен немересі сияқты»: Николас Кейдждің бесінші әйелі кім?
Фото: elle.ru

2021 жылы атақты актер Николас Кейдж бесінші рет үйленді. Оның таңдауы — Рико Сибата есімді жапон қызы. Рико Николастан 31 жасқа кіші.

Бұл жұп Сига қаласында танысқан және көп ұзамай үйленді. Той 16 тамыз күні Лас-Вегастағы Wynn қонақ үйінде өтті. Николас той күнін қайтыс болған әкесінің туған күніне орай таңдаған. Тойға күйеу жігіт классикалық смокинг кисе, қалыңдық дәстүрлі жапон көйлегін таңдады.

Тең емес неке жайлы өсектер көп тарағанмен, ерлі-зайыптылар бақытты көрінеді. 2022 жылдың 8 қыркүйегінде олар қызды болды. Ол — Николас Кейдж үшін үшінші бала. 58 жастағы Николастің алдыңғы некелерінен Уэстон (31 жас) және Кал-Эл (16 жас) есімді ұлдары бар.

Актердің тағы да әке атанатыны қаңтар айында белгілі болды. 3 айдан соң ол Келли Кларксонға берген сұқбатында қызын Леннон Оги деп қоятынын және оны Ленни деп еркелеткісі келетінін айтқан болатын.

Осыған дейін адамзат тарихындағы ең қысқа некелер жайлы жазған болатынбыз: Николас Кейдж пен Эрика Койке некеде 4 күн ғана болған.

А. Жапатова