Шкафта орын үнемдеуге көмектесетін лайфхактар

Шкафта орын үнемдеуге көмектесетін лайфхактар
Фото: unsplash.com

Гардеробты реттеу кезінде шынымен киетін киімдерді қалдырып қана қоймай, шкафтағы кеңістікті дұрыс ұйымдастыру маңызды. Сол кезде барлық киімдер көз алдыңызда болады және үйден шығарда жиналуға көп уақыт кетпейді. Шкафтағы орынды үнемдеуге көмектесетін және киімдерге қолжетімділікті жеңілдететін бірнеше лайфхак ұсынамыз.

Жаңа мерзімге дайындықты гардеробқа тексеріс жүргізуден бастаған жөн. Кейде киілетін киімдерді ғана қалдырып және бірнеше киім үлгілерін ойластырып қойғанның өзінде шкафта ретсіздік орын алады. Шкафта орын аз болса және киімдер шашылып жатса, кей маңызды және қызықты киім үлгілері көрінбей қалады да, киілмей жатады. Сондықтан шкафта не қалдыратыныңызды шешкеннен кейін оның ішін дұрыс ұйымдастыруды қолға алу керек. Шкафтың көлеміне қарамастан гардероб мүмкіндіктерін арттыруға болады.

1. Жіңішке ілгіштер
Гардеробты қайта ұйымдастыру кезінде бірінші кезекте киім ілгіштерге мән беріңіз. Киім ілгіштердің жіңішке болғаны жақсы, сол кезде біраз орын үнемдейсіз. Стилі бойынша бірдей киім ілгіштердің қажетті мөлшерін сатып алыңыз: шкаф жинақы әрі визуалды түрде тартымды көрінеді және қажет киімді табу оңай болады.

2. Кітап шектегіштер
Әдетте, шкаф сөресінде сөмкелер шашылып тұрады. Мұндай жағдайда кітап шектегіштер қолдануға болады. Оларды қажет интервалда орналастырып, арасына сөмкелерді қойыңыз. Сол кезде сөмкелер жинақы тұрады және пішінін жақсы сақтайды.

3. Органикалық әйнектен жасалған жәшіктер мен контейнерлер
Егер гардеробыңыз үлкен болса және көптеген маңызды киімдер көрінбей қала берсе, плексигластан жасалған мөлдір контейнерлер алған жөн. Оларға барлық аксессуарларыңызды сала аласыз. Оның басты артықшылығы — жәшіктің ішіндегі заттар көрініп тұрады. Дүкендерде бір стильде дайындалған әртүрлі заттарға арналған бөлек-бөлек контейнерлер сатылады.

4. Киім жинауға арналған жақтау
Бутиктерден киімдердің ұқыпты жинаулы тұрғанын көреміз. Бірақ үйде футболкалар мен джинс шалбарларын олай жинау қиын. Әрине, YouTube желісіндегі видеолардан киімді тиянақты жинауды үйренуге болады. Бірақ футболкалар мен свитерлерді жылдам жинауға көмектесетін пайдалы өнертабыстар бар. Мысалы: киім жинайтын арнайы жақтаулар (рамка). Технологиясы бір болғанымен, оны әркім әртүрлі атауы мүмкін: киім жинауға арналған органайзер, тақтай немесе қалып. Егер мұндай арнайы тақтай сатып алғыңыз келмесе, оны картоннан жасап алуға болады.

5. Вакуум пакеттер
Саяхатқа шыққанда немесе көшкенде шабаданнан орын үнемдеу үшін вакуум пакеттер қолданылады. Алайда бұл лайфхакты маусымдық киімдерді сақтауға қолдануға болады. Мысалы, оның ішіне әзір кимейтін күрткелеріңіз бен жемпірлеріңізді салып қойыңыз. Оның технологиясы қарапайым: арнайы пакетке қажетті киімдерді салып, ішіндегі ауасын шаңсорғышпен сорып аласыз. Сол кезде пакет көлемі бірнеше есе азаяды.

6. Стильді сандықтар
Күнделікті қолданбайтын, естелікке сақтап қойғыңыз келетін заттарды гардеробқа қоймаған жөн. Оның орнына мұндай заттарды бөлек контейнерлерге салыңыз. Мысалы, стильді сандықтар алып, оның ішіне зат сақтауға және оны интерьердің сәндік элементі ретінде пайдалануға болады.

А. Жапатова