Бөлме өсімдіктері күтіміне арналған бірнеше лайфхак

Бөлме өсімдіктері күтіміне арналған бірнеше лайфхак
Фото: create.vista.com

Күндізгі жарығы қысқа күндер, күннің жетіспеуі, құрғақ ауа мен суық температуралар бөлме өсімдіктеріне жақсы жағына әсер ете қоймайды. Әр бөлме гүлі өзінше ерекше: кейбіреулері мол суаруды қажет етсе, басқаларының қорек көзі — жарық болуы мүмкін. Әрине, топырақты құнарландыру және құнарлы заттардың нақты деңгейін сақтау да маңызды. Бөлме өсімдіктері күтіміне арналған барлығына белгілі ережелерден бөлек пайдалы қарапайым лайфхактар да бар.

Бір кесе кофеңізді өсімдіктермен бөлісіңіз
Кофе — өсімдіктерге арналған жақсы таңайтқыш. Онда азот, калий, кальций және магний секілді маңызды құнарлы заттар бар. Әсіресе, кофе сабақтың өсуін ынталандыратын азотқа бай. Бұл органикалық және қарапайым күтім әдісі әсіресе раушан, гортензия және магнолияға келеді.

Топыраққа құрамында крахмалы бар су құйыңыз
Қыста өсімдіктерге күннің көзі аз түсетіндіктен, оларға құнарлы заттардың жетіспеуі қатты білінеді: өсімдіктер жемістері мен тұқымдарында крахмал қорын арттыруға тырысады. Крахмал глюкозаны сақтауға жақсы келеді, оның жетіспеушілігінен гидролиз процесі іске қосылады — крахмалдың молекулаларға қайта ыдырауы. Келесіде арнайы тыңайтқыш сатып алудың орнына картоп немесе макарон қайнатқан суды пайдаланыңыз. Оның суығанын күтіп, содан соң өсімдіктеріңізді ойланбастан суара беріңіз.

Құмыраға жұмыртқа қабығын ұсақтап салыңыз
Жұмыртқаның қабығы топырақ қышқылдығын азайтуға көмектесетін әкке және өсімдікті жақсы қоректендіретін кальцийге бай. Жұмыртқаның қабығын ұсақтап сындырыңыз, содан соң топырақтың бетіне біртекті етіп салып шығыңыз.

Құмыраның түбіне сорғыш салыңыз
Өсімдікті құмыраға отырғызбас бұрын оның түбіне сорғыш салыңыз да, үстіне топырақ сеуіп тастаңыз. Сорғыш артық суды өзіне сіңіріп алады, ал қажет кезде (мысалы, сіз суаруды ұмытып кеткен кезде) тамырлар суды сорғышта сақталған ылғалдан ала алады.

Сірке суынан тыңайтқыш дайындаңыз
Кей бөлме өсімдіктері, әсіресе, олардың гүл бүршіктері бар түрлері сірке суын жақсы көреді. Қышқыл тамырлардың тез өсуіне және жақсы гүлденуге ықпал етеді. Бір шай қасық ақ сірке суын бір жарым литр сумен араластырыңыз, содан соң оны үш айда бір рет қолданыңыз. Бастысы, өте көп суарып жібермеу керек.

А. Жапатова