Жиһазды жаңа қалпында сақтау үшін

Жиһазды жаңа қалпында сақтау үшін

Үй жиһазын ұзақ уақыт қолданамын десеңіз, оған дұрыс күтім жасау қажет. Оны пеш пен жылыту жүйелеріне жақын және күннің көзі тікелей түсіп тұратын орындарға қоюға болмайды. Жылу мен күн  көзінің әсерінен жиһаз қаңсып, қисайып, түсі оңып кетеді.  Осы секілді жиқаз күтіміне қажетті кеңестермен таныса отырыңыздар.

• Жиһаздың сызылып, сызат түскен жерін білдірмеу үшін жұмсақтау кішкене щетканы азғана йод араласқан қоспаға малып алып, әлгі жерді сүртіңіз. Нәтижесінде сызат та байқалмай қалады, жиһаздағы дақ та жоғалады. Бұл әдіс негізінен жаңғақ, емес және қызыл ағаштан жасалған жиһаздарға қолданылады.

• Үстелге ыстық ыдыс қойғанда орнында дөңгеленіп дақ қалатыны белгілі. Оны парафин және воск жұғындысымен сүртіп, тезірек су тартқыш қағазбен жауып қойыңыз. Сөйтіп үстінен ыстық үтікпен басыңыз. Егер дақ кетпесе, әдісті бірнеше рет қайталау қажет. Одан кейін үстел үстін жұмсақ матамен сүрту керек, сонда полировка (жылтыратып өңделген жиһаз) қайта қалпына келеді.

• Полировкадан (жылтыратып өңделген жиһаз)  жасалған жиһаз шайға малынған матамен сүртіледі, артынан барқыт матамен ысқыласаңыз, дүкеннен жаңа келгендей кейпін сақтайды.

• Кірлеген жиһазды керосин немесе скипидар қосылған жылы сумен ысқылап сүрту қажет.

• Жиһаздағы май дақтарын талькпен сүрту арқылы кетіруге болады.

• Еменнен жасалған жиһазды шинельдің ішкі жағымен немесе сырамен тазалайды.

• Бояу (краска) жағылған жиһазды сірке суы мен өсімдік майының бірнеше тамшысы араласқан суға малынған дәкемен ысқылай сүрткен дұрыс.

• Жұмсақ жиһазды тазалау үшін скипидар, өсімдік майы және сірке суы қосылған суға матанып малып алып сүртіп, ысқылайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?