Дүкен арбасына бала отырғызуға бола ма?

Дүкен арбасына бала отырғызуға бола ма?
Фото: unsplash.com

Адамдар арасында тауар салуға арналған дүкен арбасына бала отырғызу не отырғызбау жайлы екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі арбадағы шалқаймалы қабырға бала отырғызуға арнайы жасалған десе, басқалары бала аяқ киімімен азық-түлік пен қоғамдық арбаны ластайтынын айтады. Құжат бойынша, дүкен арбасындағы шалқаймалы қабырға қандай мақсатта жасалған?

Дүкен арбасының да өз стандарты бар. Стандарт бойынша бұл элемент "тіреуіш беті бар шалқаймалы қабырға" деп аталады. Ол арбаның артқы жағында орналасуы керек. Бұл тіреуіш бет азық-түлік немесе жеке заттар салуға, сондай-ақ аяқ шығатын тесігі болса, бала отырғызуға қолданылуы мүмкін. Осылайша, стандарттық құжат бойынша, дүкен арбасына бала отырғызуға болады. Құжатта шалқаймалы қабырғаға түсетін күш 15 килограмнан аспауы керегі ескертілген.

Құжатта арбаға бала отырғызуға рұқсат етілгенімен, тәжірибе бойынша статистика нашар. Мысалы, жыл сайын АҚШ-та дүкен арбасынан 24 мыңнан аса бала жарақат алады екен. Бұл мәселені шешу үшін соңғы кездері дүкен арбасының жаңа "қауіпсіз" түрлері шығып жатыр. Бірақ бала жарақаты орын алатын жағдайлар азаятын емес. Оның басты себебі – азық-түлік таңдауда ата-ананың бала әрекетіне қырағылық танытуы.

Егер дүкенде баланы арбаға отырғызсаңыз, оның әрекеті мен жағдайын бақылауды ұмытпаңыз!

А. Жапатова