Қыста ақ кроссовканы қалай күтеміз?

Қыста ақ кроссовканы қалай күтеміз?
Фото: unsplash.com

Қыс мезгілі жылы өтетін қалаларда кроссовканы ерте киіп бастап кетеді. Көктемді балағы қайырылған шалбармен және ақ кроссовкамен қарсы алғысы келіп, оны ерте киіп алатындар да бар. Бірақ ауа райының өз жоспары бар: шалшық пен ластық ашық түсті аяқ киімді "аямайды". Ақ кроссовка жылдам тозып кетпес үшін оны қыс мезгілінде қалай күту керек?

Қыста тұздар мен реагенттер себебінен аяқ киім материалы ғана емес, сондай-ақ оның табаны да зақымдалады. Даладан үйге кірген кезде міндетті түрде аяқ киімнің сырты мен табанын тазартып алу керек. Әйтпесе, бір түннің өзінде реагенттер материалмен реакцияға түсіп, оның сапасын құртып жіберуі мүмкін.

Күдері кроссовка алған болсаңыз, оның текстурасы мен түсін сақтау үшін аяқ киімнің сулануын азайту керек. Ең дұрысы, күдері кроссовка сатып алған кезде оған су жұқтырмайтын спрей шашу қажет. Егер аяқ киім су болып қалса, оны батареяға қойып кептірудің қажеті жоқ. Оның орнына кроссовканың ішін қағазбен толтырып, бір түнге қалдырыңыз. Күдеріні былғары тері бөлігімен немесе күдеріге арналған ләстікпен сүрту керек. Ал былғары кроссовкаға крем немесе балауыз жаққан жөн.

Егер ақ кроссовкамен шалшыққа батып кетсеңіз, құрғақ тазарту жасаған жөн. Қазір аяқ киім күтіміне қажетті заттар сататын дүкендерде құрғақ тазартатын құралдар бар. Олар, әдетте, көбік күйінде болады. Кроссовканы сондай құралмен тазартып, кебуге қалдырсаңыз, оның материалы жылдам тозбайды.

А. Жапатова