Қоғамдық әжетханадағы санитария шаралары

Қоғамдық әжетханадағы санитария шаралары

Қоғамдық жерлер аурулардың бастамасы, кір жиналатын жер деп білеміз. Қоғамдық көліктер мен ғимараттардың өзінде абайлап жүрсеңіз, әжетханаларда өзіңізді одан да жаман сезінетін боларсыз? Ондағы кір-қоқыстан, аурулардан қалайша сақтанса болады?

  1. Қолыңызды әжетханаға кірерде жуыңыз. Ал қол жумас бұрын сабын кесегін де судың астында шайып алыңыз. Осылайша көптеген ауру жұқтыратын микроағзалардан сақтанасыз.
  2. Қолыңызбен әжетхана беттерін ұстамауға барынша тырысыңыз. Есікті де сулықтың көмегімен ашып жабыңыз. Осылайша артық бактериялардан арыласыз.
  3. Қоғамдық әжетханадағы унитазға отырмаңыз. Арнайы унитазға арналған төсеме не кәдімгі қағаз төсеңіз немесе оны залалсыздандырылған сулықпен сүртіп жіберіңіз.
  4. Қолыңызды әжетханадан шығарда жуыңыз. Әжетханада толы микробтардан тазару үшін қолыңызды жақсылап тағы бір рет жуудан ерінбеңіз.
  5. Сұйық сабынды пайдаланарда абай болыңыз. Қоғамдық әжетханаларда сұйық сабынды сумен араластыруы мүмкін. Бұл жағдайда оны көбірек ағызып, қолыңызды жақсылап сабындағаныңызға көз жеткізіңіз. Егер сұйық сабын керісінше тым қою болса, оны жуғанда қолыңызды бірнеше рет шайып жіберіңіз, тым қою сұйық сабын аллергия қоздыруы мүмкін.
  6. Унитаздың суын ағызбас бұрын, оның қақпағын жабыңыз. Унитазды ағызғанда оның ішіндегі су тамшылары 1 метр қашықтыққа дейін шашырайды. Сондықтан қақпағын жабу әдетіңізге айналсын.
  7. Әжетханада қол кептіргіші мен қағаз сулықтар тұрса, екіншісін таңдағаныңыз жөн. Кептіргіштегі жылы, ылғал орта бактериялардың дамуына жақсы жер. Сондай-ақ ол қолыңызды артық кептіріп, құрғатып жібереді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: twylah.com

С. А