Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Бала тамақ жегісі келмесе

Бала тамақ жегісі келмесе

Бала тамақ жегісі келмесе

Баланың көбі алдына қойған тамақты жей бермейді, бірі талғап жейді, енді бірі тәтті-мәттіден өзге ештеңе жегісі келмейді. Оның ағзасына дәрумен боп сіңетін пайдалы тағамдардан бас тартпауы үшін не істеуге болады?

Тәттілер – сыйлыққа
Тек бала ғана емес, өзіміз де қарнымыз ашып келгенде жүрек жалғаймын деп оны-мұны жеп алсақ, біраздан соң дайын болған тамаққа тәбетіміз тартпай қалады. Сол секілді балалар да қызығушылықпен тамақ алдында йогурт, банан, кәмпит жеп алса, ыстық тағам піскеннен кейін оны жеуден бас тартады. Үлкендік етіп өзіңіз де үлгі болып, балаға да тамақ алдында қарын аш болса да ыстық тамақ піскенше шыдауға дағдыландырыңыз. Асқазанға пайдалы асты тауысқан балаға ғана тәттілер, басқа да қалаған тағамы сыйлыққа берілетінін айтыңыз.

Бірге әзірлеңіз
Егер балаңыздың көбі қыз бала болса немесе ұлым мен олардың әкесі асхана ісіне араласпайды деген қағидаңыз жоқ болса, балаңыз сізге тамақ әзірлеп көмектесуіне мүмкіндік беріңіз. Оный қалай дайындалатынын бүге-шүгесіне дейін көрген әрі оған өз еңбегі сіңген бала бұл тамақтан бас тартуы мүмкін емес.

Бала өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беріңіз
Баланы кішкентай кезінен өз бетімен іс қылуға үйретіңіз. Оның қолынан келетін істі өз жауапкершілігіңізге алмаңыз. Бұл тамақ жеуге де қатысты. Төгіп-шашасың, бүлдіресің деп тәрелкені алдынан тартып алып, тамақты өзіңіз берем десеңіз, бұл да баланың тамаққа деген тәбетін бұзады. Оның үстіне баланың үйренетін кезі болса да сіз оның мүмкіндігін шектей бересіз. Бір-екі рет төгіп-шашқанына сабырлы кейіп танытсаңыз, бірте-бірте ол да тамақты өзі ішуге, әрі қызығушылықпен ішуге дағдыланады.

Жағымды эмоция
Бала сіз берген тамақтан бас тартса, оған бақырып-шақырып, ашуға бой алдырып ешкімді жеңе алмайсыз. Бұл жағдайды одан ары қиындата түседі. Сіздің ашулы түріңізді көрген бала да кейіп, қырсығы ұстай түседі. Сондықтан көмекшіңіз тек – сабырлы мінез.

Физикалық тұрғыда белсенді болу
Тамақ пісуге аз қалғанда баланы ойынға жіберіңіз. Жүгіріп, секіріп, ойнап, көңіл көтеріп келген баланың қарны тез ашады, тәбеті де ашыла түседі.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Массагет
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2019, 10:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.