Болашақ жар таңдау: Тұңғыш Президент кеңесі

Болашақ жар таңдау: Тұңғыш Президент кеңесі
Фото: netref.ru

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Елбасы өмірлік жар таңдау жөнінде өз ойымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңес берді.

«Қазіргі уақытта бойжеткенмен танысқысы келген жас жігіт дискотекаға барады. Оркестр үні құлаққа түрпідей тигендіктен, айтқың келетін сөзді айта алмайсың. Сол үшін айғайлайсың. Бір-біріңді естімейсің. Сондықтан қызықты жерлерге барып танысуға тырысу керек. Екі адам бір-біріне емес, бір мақсатқа қараса – жолдары болады», – дейді Тұңғыш Президент.

Президенттің сөзінше, ер адамдар әйелдерге деген көзқарасын өзгерту керек.

«Біз мінезімізді өзгертуіміз керек. Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықты сөз етеміз. Әлі күнге дейін кейбір мемлекеттерде әйелдердің еркектермен құқығы тең емес. Алайда әлем басқа бағытта жылжып барады. Қазір Батыста өте кеш отау құруларының себебі неде? Себебі әйелдер өздерін тәуелсіз сезінеді әрі қаржылық жағдай бойынша еркектен дербес болғысы келеді. Өмірлерін реттеп, жағдайын жасағаннан кейін отау құрып, өмір сүре алады», – дейді Елбасы.

Назарбаев өз сөзінде мұндай теңқұқықтық бостандыққа кепіл бола алатынын айтты.

«Ер адам да, әйел де еркін болуы қажет. Біз еркектер қызғанамыз. Оның пайдасы жоқ. Бұл жерде сіздерге осы сөзді айтып отырған күннің өзінде, шынымен де солай ойлаймын ба деп толғанудамын. Алайда өмірде солай болуы қажет», – дейді Елбасы.

Stan.kz

@. @assel_assanova