Бу шығаратын үтік пен қарапайым үтіктің қайсысын таңдайсыз?

Егер арнайы киім үтіктейтін үстел мен ыңғайлы үтік болмаса, киім үтіктеудің өзі оңай емес. Ал қыртысталған киім кию тағы ыңғайсыз. Алдыңызда қарапайым үтік пен бу үтігіне таңдау тұрса, қайсысын алар едіңіз? Бүгін екеуінің артықшылығы мен кемшілігін айтамыз.

Киім жақсы үтіктелуі үшін температура жоғары болғаны дұрыс. Ал үтік тетігін ең жоғары температураға қоюға тағы болмайды, матаны күйдіріп алу қаупі басым, бүлінген мата қайта қалпына келуі екіталай. Мінсіз үтіктелуі үшін бір ғана амал қарапайым үтіктің бу шығару қызметін қайта-қайта қолдану. Жай үтіктің су тұратын жері тым кішкентай. Ішінде су аз мөлшерде болғандықтан, буды қарқынды түрде шығаруға да шамасы жетпейді. Оны үстіне бу шығаратын тетігін қайта-қайта басып отыру да қолайсыздық туғызады. Оның үстіне жиі бу шығарған соң, бір үтіктегенде суды бірнеше рет құю керек.

Бу шығаратын генератор, яғни үтіктің бұл түрі қарапайым үтікке қарағанда түрі де, көлемі де басқа. Оның су құятын жері үлкен, арнайы жуан тоқпен жалғанған. Буды аса қарқынды түрде шығарады, 300 г/минутқа дейін жетеді. Мұндай бу шығару киімді қарапайым әдіспен жерге қойып үтіктесеңіз де, іліп қойып буласаңыз да, өте жақсы нәтиже береді.

Бу шығаратын үтіктің кемшілігі оның бағасында ғана. Ол қарапайым үтікпен салыстырғанда әлдеқайда қымбатырақ тұрады. Екіншіден, оның көлемі де біраз орын алады. Егер киімнің мінсіз үтіктелуі сіз үшін бірінші орында тұрса, ақшаңызды қиып, бу үтігін алуға тура келеді. Сізге арнайы осы брендтің үтігін алыңыз деп ұсына алмаймыз, әр брендтің сипаттамасын, қолданған адамдардың пікірін интернеттен оқып барып шешім қабылдаңыз. Кей үтіктер сәтсіз алынуы да ғажап емес.