Үйдегі ең лас 5 жер

Үй жинаған кезде көп жағдайларда барлығын тазарттық, енді рахаттанып демала аламыз деп ойлаймыз. Алайда көп жағдайларда қауіпті болуы мүмкін екенін білмейтін жерлер назарымыздан тыс қалып тазаланбайды. Осы орайда біз пәтерде шаң-тозаң көп жиналатын 5 жерді атап көрсеткіміз келеді.

1. Текстиль беттері (диван, төсек-орындар, перделер, кілемдер)

Пәтердегі бұл заттар көп шаң-тозаң жинайды, алайда біз оларды сирек жуамыз. Кілемдерге көшеден аяқ киіммен кір мен бактериялар әкелінеді. Көптеген пәтерлердің дивандарында серіппе мен қаптауынан бөлек шаң кенелері болады. Бұл микро тіршілік иелері адам терісінің қалдықтарымен қоректенеді және адам денсаулығына қауіпті.

Кенелердің өздері адам ағзасына қауіп төндірмейді, ал олардың нәжісі бронх демікпесін, аллергиялық реакцияларды, мұрынның бітелуі, жөтел, көздің құрғауы, экзема сияқты жағымсыз белгілерді тудыруы мүмкін.

Өкінішке орай, оны қолданыстағы тазартқыш құралдармен тазалау мүмкін емес, оларды кәсіби жинау-тазалау құралдарының көмегімен ғана залалсыздандыруға болады.

2. Теледидар пульті, есіктің тұтқасы және жарық өшіргіш-қосқыш

Бұл заттарды күніне бірнеше рет ұстаймыз және бұл туралы ойлана бермейміз. Күннен күнге оларға бактериялар мен микроптар жиналып, біздің ағзамызға оңай енеді. 

Жарықты қосып, ас бөлмесіне кіріп, бірден тамақ жедіңіз. Теледидарды пультпен қосып, көзіңізді уқаладыңыз. Осылайша микробтар ағзаға еніп ауру тудырады. Ал аурудың себебі есіктің тұтқасы болуы мүмкін деген ой ешқашан келмейді.

3. Ванна бөлмесі

Әрбір үй шаруасындағы әйел ең лас жер деген оймен дәретхананы бірнеше күнде бір рет жуады. Шындығында, негізгі назарды ваннаға аудару керек. Ол жерде де жылдар бойы шаң жиналып назардан тыс қалатын орындар бар. Тазалауды ұмытпау керек болған тізімді ұсынамыз.

Кір жуатын машина үнемі жуғыш ұнтақтармен жұмыс істегеннен кейін таза болады деп ойлаймыз. Бірақ іс жүзінде резеңке тығыздағыштар, су құбырлары мен ұнтаққа арналған контейнерлер уақыт өте қауіпті бактериялар, қара зең мен саңырауқұлақтар өмір сүретін орынға айналады. Кір жуған кезде осы ағзалар мата талшықтарына, содан кейін теріңізге өтеді.

Душтағы перделерден сарғыш дақтарды байқаған шығарсыз — бұл ауру тудырғыш бактериялар. Сондықтан жууға болатын матадан жасалған перделерді таңдаған абзал.

Душқа арналған саптама, қол сүлгілері, қоқыс шелегі, ванна мен унитаз мұқият тазалауды қажет етеді. Сізді таңдандыратын тағы бір нәрсе бар — бұл тіс қылшағы (щетка)! Егер сіздің пәтеріңізде ванна мен дәретхана бөлмесі бірге болса, дәретхана суын әр ағызғанда ауаға миллиондаған бактериялар көтеріледі. Ол бактериялар тіс щеткасына да шөгеді. Бактериялар түбінде су қалатын стақан мен шұңғылшаны да жақсы көреді.

4. Балалар ойыншықтары

Ойыншықтар үнемі балалардың қолында, олармен ойнайды, еденге лақтырып көтереді. Ойыншықтар бөлмеде тұрғанда оларға да шаң шөгеді, оны сүртпейміз. Балалар ойыншықтарды кір қолдарымен ұстайды. Балалар ойыншықтарына талдау жасалғанда олардан ішек таяқшасы және энтеробактериялар табылды. Мұндай ойыншықтарды балаларымыз жиі ауыздарына салады!!!

5. Ас бөлмесі

Көп уақытын өткізетін орындардың бірі. Біз үнемі жуып, бәрін сүртетін сияқтымыз, бірақ онда әртүрлі бактериялардың өсіп тарауына қолайлы орындар бар.

Тамақ дайындаған кезде пісірілген тағам буланады, ал бұл май ас үйдің барлық жеріне шөгеді.

АҚШ ғалымдары тәжірибе өткізді, олар адамның қолына ауаның химиялық құрамын көрсететін құрылғыны кигізді. Зерттеу қорытындысы бойынша, ең лас жер — ас бөлмесі.

Ғалымдар ас бөлмесі газбен көп ластанады дейді. 

Иіс газы ағзаға енгенде гемоглобинмен бірігіп оны блоктайды. Қан ағзаларға қажетті мөлшерде оттегіні беруді тоқтатады. Бас кезінде адам ештеңе сезбейді, уақыт өте келе организм әлсіреп ағзаның осал бөлігінің жұмысы нашарлайды.

Сондықтан да әр ас бөлмесінде газ соратын құрылғы болуы шарт. Сондай-ақ, оны да үнемі тазалап отыру қажет.

Жылы әрі ылғалды орта бактериялардың көбеюіне қолайлы. Сондықтан ғалымдар күнделкті ыдыс жуатын губканың өзінде 20 мыңнан аса микроорганизм болады деп мәлімдейді.

Тоңазытқыш, ағаш тақтайшалар, желдеткіш торлар микробтардың ошағы болып табылады.

Ғалымдардың айтуынша, тоңазытқыштың камераларындағы төменгі температураға қарамастан, онда шамамен 11 млн бактериялар тіршілік етеді. Ол жерге олар азық-түлікпен түседі.

Сондықтан да тоңазытқыш камераларын үш аптада бір рет жуып отыру қажет.  Яғни, тоңазытқыштың мұзын ерітіп, сода немесе сірке суының ерітіндісімен жуып, үш сағатқа дейін есігін ашып кептіру қажет.