Ас үй көмекшілері

Ас үй көмекшілері

Ас үйдегі шаруалар еш уақытта таусылмайды. Оларды атқару барысын жанға жайлы қыла алатын заманауи ұсақ-түйектер топтамасын тамашалаңыз.

Мына тақтай нан қоқымдарын жинап қана қоймайды, бұл тақтаймен сүйікті тотықұсыңызды тамақтандыра аласыз.

Шәйға құмар жандарға керемет жаңалық. Шәйді өзі араластыратын стақан ойлап табылды. Ішіне қант, бал не тосап салып, батырманы бассаңыз болғаны. Артынан қасықты қайта-қайта жуудың да қажеті жоқ.

Ананасты әдемі ашып турау оңай шаруа емес. Ал мына құрылғы оны бұрама сияқты айналдырып шығарады. Үстелге де қоюға жағымды көрінеді.

Ал мына құрылғы әр ас үйге қажет екені сөзсіз. Суға көкөніс не дәндер қайнатқаннан кейін, немесе жемістер жуған соң суын ағызу оңай емес. Көп жағдайда артық су қалып қояды.

Ал мына құрылым саусақтары мен маникюрін қорғайтын жандарға арналған, сонымен қатар қолдарын пияз, сарымсақтың жағымсыз иістерінен қорғау үшін керек.

Паста даярлау барысында, отбасыңызға қанша спагетти қажет болатындығын білмейсіз бе? Мынандай құрылғы қанша адамға қанша спагетти мөлшері қажет екенін көрсетіп, артық не кем дайындап қоюдан сақтайды.

Пияздан қорқатын жандарға арналған тағы бір заманауи құрылғы оны ұстаудан сақтап, иісі мен көзден жас ағудан да құтқарады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vk.com

С. А