Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Ата-ана арасында балаға байланысты түсініспеушілік туса...

Ата-ана арасында балаға байланысты түсініспеушілік туса...

Ата-ана арасында балаға байланысты түсініспеушілік туса...

Бұрын-соңды ұрыс-керіс болмаған үйде сәби пайда болған кезде (әсіресе, тұңғышы болса) ата-анасының арасында кішігірім түсініспеушіліктер орын алуы да мүмкін. Бақытты күндерін еселей түскен нәрестелері қуаныш пен шаттық сыйлаумен қатар, әкесі мен анасының екеуінің де ұйқысын ұрлап, бұрын ата-ана болып көрмегендіктен аздап шаршатуы ықтимал. Мұндай жағдайда мәселені қалай шешуге болады?

Мәселе:
Анасы: «Барлығын дұрыс емес істейсің».
Әкесі: «Бұл менің де балам ғой, әдейі істемеймін».

Шешімі:
Жалғыз қалған кезде болған жайды түгел есіңізге түсіріп, асықпай ойланыңыз. Күйеуіңіз шынымен де баланың бір жеріне зақым келтіруі мүмкін бе? Бұрын сондай жағдай болып па еді? Егер болмаса, күйеуіңізге де баласына қамқор болуға мүмкіндік беріңіз. Ол тек сізге көмектесуді, баласына бір табан жақын болуды ғана ойлайды. Егер қолынан келмей жатса, барынша сабыр сақтап, «Қарашы, оның жөргегін осылай да оңай ауыстыруға болады» деген секілді майда тілмен жеткізуге тырысыңыз.

Мәселе:
Анасы: «Бала жылап жатқанда қалай алаңсыз отыра бересің».
Әкесі: «Бала болған соң жылайды. Ол өзін-өзі жұбатып үйренуі керек».

Шешімі:
Баланың жылауына деген төзімділік ер мен әйел адамда екі түрлі. Ерте заманнан бері жылап жатқан баланың жанынан табылып, қажетін қанағаттандыру аналардың мойнына жүктелген де, ал түздің (ер) адамдары аң атып, балық аулап алаңсыз сайран салып жүрген. Ал өзін-өзі жұбату мәселесіне келсек, бұл жерде баланың неше айлық екеніне байланысты. Егер 9-10 айдан асып, сәл сөз түсінетіндей шаққа жетсе, күйеуіңіздің сөзінің жаны бар, ал 3 айлық бала өзін-өзі жұбатсын, әр жылағанына көңіл бөле берудің қажеті жоқ десе, оған ақырын әлі уақыт керек екенін түсіндіріңіз де, баланы жұбатудағы жауапкершілікті өз мойныңызға алыңыз.

Мәселе:
Анасы: «Күні бойы баланың жанында мен болдым, енді демалғым келеді».
Әкесі: «Мен де жұмыстан шаршап келдім. Оңаша қалдыршы».

Шешімі:
Күйеуі де, әйелі де бір-біріне түсіністікпен қарап, екеуіне де оңай емес екенін ұғуы тиіс. Егер ер азамат жұмыстан келе сала баланы мойнына іліп, ал қараудан бас тартса, кінәлай жөнелсеңіз, бірден ұрыс-керіс туады, ақыры екеуіңізге де опа әкелмейді. Әйел заты ақылдылығын іске қосып, ері үйге кіргенде оны сағынып күткенін көрсетіп, жайландырып, тамағын беріп, көңілдендіріп барып, содан кейін баланы баға тұруын өтінсе де, күйеуі де ризашылықпен уақытын баласына арнайды, шаршағаны да аздап басылғандай болады.

Мәселе:
Әкесі: «Бала өз төсегінде ұйықтағаны дұрыс».
Анасы: «Мен оны жанымызға алып жатқым келеді».

Шешімі:
Ата-аналар көп жағдайда бала үшін не маңызды деген тақырып төңірегінде келіспей қалады. Алайда ішкі мендері қайсысы жақсы ата-ана екенін көрсеткісі кеп тұрады. Ал баланың ата-анасымен бірге не бөлек жатуына қатысты айтар болсақ, әке-шешенің баласына деген көзқарасы өз ата-анасынан көрген өнегесіне байланысты туады. Кім ата-анасымен етене жақын қарым-қатынаста болса, өзінің болашақ отбасында да осындай қатынас қалыптастырғысы келеді. Ал ата-анасынан жырақта не көңіл бөлуінің жеткіліксіз боп өсуі бөлек жатқан бала өз бетімен өмір сүруді үйренеді деген пікір қалыптастырады.

Қандай жағдайға байланысты келіспеушілікке келсеңіздер де, оңашада, сабырлы қалыпта отырып, балалық шақтарыңыздың қалай өткені туралы сыр шертісіп көріңізер. Сонда екеуіңіз де не себепті мұндай пікірде екендеріңізді ұғынып, түсіністік орнату оңайға соғады.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 19 қыркүйек, 09:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.