Асүй мен артық салмақ: арықтау үшін азық-түлікті қалай орналастырамыз?

Асүй мен артық салмақ: арықтау үшін азық-түлікті қалай орналастырамыз?
Фото: pixabay.com

Асүйдегі дұрыс жағдай пайдалы аспаздық әдеттерді дағдыландырады және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Арықтататын "фэн-шуйді" жасауға көмектесетін 6 әрекетті ұсынамыз.

1. Артық заттың барлығын жинап, тек жемістері бар кәрзеңке қалдырыңыз.

Кез келген ретсіздік күйзелуге итермелейді. Егер асүйде мазалана бастасаңыз, тамақ артық жей бастайсыз. Сондықтан барлығын жинап, артық нәрселерді көзге көрінбейтіндей тығып тастаңыз.

Содан соң жемістерді көрінетін жерге қойыңыз. Атақты америкалық дәрігер Брайан Вансинк 2016 жылы зерттеу жүргізді: асүй үстелінде әрдайым жемістері бар кәрзеңке ұстайтын адамдар артық салмақпен сирек қиналған.

2. Тамақ дайындау процесін жеңілдетіңіз.

Пайдалы әрі төмен калориялы тамақтарды жиі дайындағыңыз келе ме? Ол үшін жағдай жасап қойыңыз:

- Тамақ дайындауға арналған тостаған, табақ, табаларды қол астында ұстаңыз. Оларды алыс жерге салып тастамаңыз. Әйтпесе, оларды алып, жуып, тазартуды ойлап, тамақ дайындағыңыз келмей қалады;

- Дәмдеуіштерді әріптер бойынша немесе дәмдік ерекшеліктері бойынша реттеп, жинап қойыңыз. Тамақ дайындау процесі бірдеңені іздеуге кетпеу керек;

- Тартымды әрі қарапайым рецептілері бар кітаптарды немесе журналдарды көзге көрінетін жерге қойыңыз. Сонымен қатар, рецептілерді интернеттен жүктеп, шығарып алуға болады.

3. Пайдалы тағамдарды сырты көрінетін контейнерлерге салып, көз деңгейінде сақтаңыз.

Дәрігер Вансинк өзінің "Дизайнның арқасындағы сымбаттылық" кітабында былай деп жазады: "Сіз көзіңізге бірінші түскен өнімді бесінші түскенмен салыстырғанда 3 есе жиі жейсіз." Сондықтан пайдалы тағамды ең көрінетін жерге қойыңыз. Ең дұрысы, оларды көз деңгейінде сақтау.

4. Зиян және калориялы тағамның барлығын тығып қойыңыз.

"Көзден таса, көңілден тыс" деген мәтелде шындық бар. Барлық тәттілерді көрінбейтін алыс бұрышқа салып қойыңыз. Әрине, бұл тәтті жейтін әдетіңізді бірден тоқтатпайды. Бірақ, тәттілерді сол бұрыштан алу кезінде бірнеше рет ойланатын боласыз. Не үшін тығып қойғаныңызды ойлап, мақсатыңызды еске түсіріп, бас тарта бастайсыз.

5. Қорыңызды толықтырыңыз.

Тоңазытқыш бос болып қалса, тамақ пісіруден гөрі бірдеңеге тапсырыс беруге немесе жеңіл-желпі күш жұмсамайтын зиянды тамақ жей салуды ойлайсыз. Сондықтан, оған жол бермесе үшін уақытында азық-түлік алып отырыңыз.

6. Бірақ тоңазытқышты азық-түлікпен асыра толтырмаңыз.

Дәрігер Вансинктің зерттеуі бойынша, адамдар азық-түлікті көтермелеп сатып алса, олар қорды әдеттегіден екі есе жылдам жеп тастайды екен. Сондықтан, тепе-теңдік ұстаңыз: сөрелер бос қалмасын, алайда бір ауылды асырайтындай етіп азық-түлік алудың қажеті жоқ.

А. Жапатова