Балаға кітапты қалай таңдау керек?

Балаға кітапты қалай таңдау керек?

Балаға кітап таңдау – жауапты істердің бірі. Сатып алар кезде балаңыздың неге қызығатынын ескерген абзал. Себебі сіз қызыққан тақырыптағы кітапқа балаңыз қызықпауы мүмкін. Басты шарттардың бірі – кітап баланың жасына сай таңдалуы қажет.

3 жасқа дейін

6 айлығынан бастап балаға салмағы жеңілдеу кітаптарды ұстатуға болады. Қызығушылығын арттыру үшін үлкен және түрлі түсті суреттері көп кітаптарды таңдаған жөн. Себебі кішкентайлар суреттерді қарағанды жақсы көреді. Оған қатысты шағын тақпақтар болса да жаттатып үйрету баланың дамуына зор сеп болады. Бұл жаста бала әлі оқи алмайтын болғандықтан, сөздер мен сандардың көп болмағаны дұрыс.

3-4 жас аралығы

3-4 жаста балалар көбіне жан-жануарлар мен өсімдіктерге қызығады. Табиғат, аспан кеңістігі туралы көбірек білгісі келеді. Әдемі суреттермен әрленген танымдық кітаптарға таңдау жасаған абзал.

4-6 жас аралығы

Бұл жаста балалар айналадағы барлық құбылысқа мән беріп, бәрін білгісі келеді. Сұрақтары да көбейеді. Ал баланың сұрақтарына әр кез дұрыс жауап беру керек. Назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл жаста кей балалар әріп танып үлгеріп қалады. Сондықтан балаларға арналған энциклопедиялар алған жөн.

Ішіндегі әріптері ірі-ірі болғаны дұрыс. Жазуы ұсақ болса, баланың көру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар балалар оқи алмаса да, сөздердің ішінде таныс әріптерді іздейді. Ал ұсақ жазудың ішінде таныс әріпті ажырата алмайды.

Иллюстрацияларға да көп мән беріңіз. Себебі бұл жастағы балалардың оларды қоршаған болмыс туралы түсінігі суреттерден қалыптасады. Ал иллюстрациялар шынайы және табиғаттың заңдарына, басқа да заңдарға қайшы болмауы керек. Суреттердің түсі жылы, көзге бірден басылмайтын, баланың нәзік психикасын зақымдамайтындай болуы керек. Бояуға арналған суретті кітаптар да сыйлаған жөн. Мұндай кітаптар бала логикасының дамуына зор көмегін тигізеді.

7-11 жас аралығы

Бала кітапты судыратып оқи алатын жасқа келгенде түрлі ертегі, әңгімелері бар кітаптарды сатып алып берген жөн. Себебі бұл жаста балалар оқиғалар желісіне, арман-қиялға жетелейтін сюжетті шығармаларға қызыға бастайды. Оқыған кітабы жайлы көзқарасын сұрап, танымын кеңейте түсіңіз. Өзге шығармалармен салыстыра қарауды да үйреткен артық болмайды.

Бұл жаста балаңызды кітап дүкендеріне ерте барып, өзінің таңдауына жағдай жасаңыз. Суреттеріне қарап, болмаса тақырыптары мен сыртқы дизайнын көріп те таңдау жасауы мүмкін. Бетін қақпаңыз. Бастысы – балаға кітап оқытуда әдеби шығармалар оқуы маңызды емес, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын ояту маңызды.

Кітап таңдауда ескерер кей ережелер

1. Бала кітапты бірден оқып кетпейді. Жоғарыда айтқанымыздай, бәрі де жасына байланысты. Бастапқыда оған өзіңіз дауыстап оқыңыз. Кітап оқудың қызық әрі танымды екеніне көзін жеткізіңіз. Кітаптың ең қызықты тұстарында үзіліс жасаңыз. Ары қарай не болуы мүмкін деп ойлайсың? Басты кейіпкер осы жағдайдан қалай шығады деп ойлайсың? – сияқты сұрақтарға балаңызбен бірге жауап іздеңіз.

2. Бала ұнамайтын кітапты бәрібір оқымайды. Ол үшін кішкентайыңыздың қызығушылығын анықтап алыңыз. Ұл балалар мен қыздардың қызығушылығы әрқилы болады. Ұлдарға Гиннестің рекордтар кітабы, спорт тарихы, автокөліктер туралы кітаптар қызығырақ болады.

3. Балаға үнемі кітап оқытып қоюға да болмайды. Күніне бір-екі мезгіл парақтағаны дұрыс. Белгілі бір уақытын белгілегеніңіз абзал.

4. Үнемі мақтап, қолдау білдіріңіз. Балаңыздың кітап оқуына жағдай жасаңыз. Теледидарды өшіріп, тамағы тоқ болуын қадағалаңыз. Оқып болған соң, шығарманы бірге талқылаңыз.

5. Өзіңіз үлгі болыңыз. Бала да ата-анасының кітап оқығанын көруі керек. Сонда ғана оқудың маңызды екенін ұғынып, еліктейді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ырысбек Дәбей, жазушы: "Қазақстанда жазушылықпен күн көру қазірше мүмкін емес"
Ырысбек Дәбей, жазушы: "Қазақстанда жазушылықпен күн көру қазірше мүмкін емес"
Бір жасқа дейінгі сәбиді күту мен асырау
Бір жасқа дейінгі сәбиді күту мен асырау
Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Галстук эволюциясы
Галстук эволюциясы